Десантшылар ҰҚШҰ елдерінің «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуының белсенді фазасына қатысуда

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері 18404 әскери бөлімінің десантшы әскери қызметшілері Ресей Федерациясы Псков облысының «Струги Красные» полигонында өтіп жатқан ҰҚШҰ мемлекеттерінің «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуына қатысуда.

Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы Күштерінің контингенттері тартылды. ҰҚШҰ ҰЖДК-ның тартылған контингенттерінің саны 1 300-ден аса адам. Оқу-жаттығуға барлығы 6 000-нан аса әскери қызметші, 1 000 бірлік қару-жарақ, жауынгерлік және арнайы техника қатысады. ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің контингенттері Псков облысындағы «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуы барысында шекара маңындағы аймақта қарулы жанжалды оқшаулау жөніндегі бірлескен оқу операциясын пысықтайды.  «Струги Красные» полигонынан басқа, оқу-жаттығу ниетіне сәйкес іс-қимылдар Батыс әскери округінің тағы екі полигонында өрістетіледі. Фортификациялық арналым аудандары, жедел және тактикалық бүркемелеудің ақпараттық қарсы күрес іс-шаралары жабдықталды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"