Денсаулықты сақтау – басты назарда

Әскери құрылымдар мен бөлімдердің медициналық қызмет жұмысының негізгі бағыты – әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына уақытында және жан-жақты дәрігерлік көмек көрсету, жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын жақсарту, бейбіт және соғыс уақытында әскери патологияны оқып-үйрену, гарнизонның жеке құрамының ауру пайызын төмендету мақсатында емдік-сауықтыру шараларын жүргізу. Осы орайда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы материалдық-техникалық қызмет көрсету орталығының медициналық қызмет бастығы, медицина қызметінің подполковнигі Исхақ Кәрімұлы Гайсинмен сұхбаттасқан едік.

- Исхақ Кәрімұлы, «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысы Басқармасының медициналық қызметі қай жылы құрылып еді?

- Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшірілген мыңдаған госпитальдің 75%-і 1941 жылы, 24 %-і 1942-1944 жылдар аралығында құрылған екен. Эвакуацияланған госпитальдардың алғашқысы 1941 жылдың маусым айында Ақтөбе, Семей, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарына қоныстанды. Орташа есеппен 400-600 дейін төсек-орындары болды. КСРО Қорғанысы Мемлекеттік Комитетінің 1941 жылғы 22 қыркүйектегі және Кеңес Армиясына медициналық қызмет көрсету мен эвакуация тәртібін жақсарту жөніндегі Партияның Орталық Комитетінің 1941 жылғы 8 қазан күнгі Қаулысы госпитальдардың жұмысын ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды. Осы құжаттардың негізінде 1941 жылдың соңы мен 1942 жылдың басында облыстарда, өлкелер мен республикаларда эвакуацияланған госпитальдарға жетекшілік ету жөніндегі арнайы бөлімдер, ал науқастанған және жараланған солдаттар мен командирлерге қызмет көрсетуге көмектесу үшін комитеттер мен комиссиялар құрылды. Ұлы Отан соғысы жылдары госпитальдар мен өзге де әскери медициналық мекемелерде барлығы 200 мыңнан астам дәрігер және орта білімі бар 500 мың медициналық қызметкер еңбек етті. Олар Кеңес Армиясы мен Әскери Теңіз Флотының 10 миллионнан астам жаралы жауынгеріне көмек берді. Соғыс жылдары көрсеткіші жоғары әскери емдеу мекемелерінің қатарында Алматы қаласындағы 3990, 3582, 1279, Семей қаласындағы 3593, 2449 және Шымкенттегі 3981 эвакуацияланған госпитальдары болды.  Протезді госпиталь жұмысының қиындықтары мен ерекшеліктеріне қарамастан, Семейдегі 3593 эвакуацияланған госпиталь қызметкерлерінің күшімен 1943-1945 жылдары 2796 операция және 3218 жаралыға протез жасалды. Госпитальдар жәрдемінің арқасында екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде жаралылардың 73 пайызы, тылдағы эвакуацияланған госпитальдарда емделгендердің 56 пайыздан астамы Қызыл Армия сапына қайта барды. Санкт-Петербург қаласындағы Әскери медициналық музейдің әскери медициналық құжаттар қорының мәліметіне жүгінсек, 1941-1945 жылдары Семейдегі 3592 эвакуацияланған госпитальда 46 адам, 3593 эвакуацияланған госпитальда 48 адам қаза тапты. 

- Яғни, Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери медицина зор еңбек сіңірді демексіз ғой.

- Сөз жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары медициналық мекемелердің, құрал-жабдықтардың, дәрі-дәрмектің, медициналық мамандардың жетіспеушілігіне қарамастан медицина құрамы қыруар еңбек етті. Фашистік Германияның Кеңестер Одағына шабуылы басталған күннен бастап көптеген әскери далалық медициналық мекемелер құрылды. Егер соғыстың алғашқы айларында гарнизондық және эвакуациялау госпитальдарында 35 540 орын болса, 1941 жылдың 1-ші маусымында оның саны 122 мыңға, ал 1942 жылдың 1-ші тамызында 658 мыңға жетті. Медицина қызметкерлері ұрыс даласында жауынгерлерге барынша көмек көрсетті. Мұндай көп санитарлық шығындарды, атқарылған емдік-эвакуациялық іс-шаралардың мөлшерін бұрын-соңды көрмеген отандық және шетелдік әскери медицина жеңісті жақындатуға бар күш-жігерін салды. Ұлы Отан соғысы жылдары әскери медицина қызметкерлері ерен ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсете білді. 116 мыңнан астам әскери медицина қызметкері орден және медальмен марапатталса, 44-і Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Мәселен, Семей қаласының 100 орынды әскери-далалық госпиталінің тарихы 1970 жылдың 12 наурызындағы Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің Генералдық Штаб бастығының Директивасынан басталады. Ал, Шығыс әскери округының медициналық қызметі 1992 жылы құрылды.

- Әскери медициналық қызметтің ерекшелігі неде?

- «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшысы Басқармасының медициналық қызметіне Семей, Өскемен, Аякөз, Үшарал қалаларындағы госпиталь мен лазарет қарайды. Олардың басым бөлігінде хирургия, терапия, жұқпалы аурулар, анестезиология және реанимация бөлімдері, диагностикалық бөлімшелер, сәулелі диагностика бөлімі, лаборатория, стоматология кабинеті, физиотерапиялық кабинет, функционалды диагностика кабинеті, дәріхана, жылжымалы рентген және стоматология кабинеттері жұмыс істейді. Жыл сайын әскерде шыңдалған дәрігерлердің арқасында мыңдаған адам стационарлық және амбулаторлық ем қабылдайды. Әскери медицинаның даңқын асқақтатып жүрген мамандардың еңбегіне қарай көрсетілер сый-құрмет те ерекше. Себебі бұл армия. Армияда тәртіп те, талап та күшті.

- Түрлі деңгейдегі оқу-жаттығулары әскери медицина қызметкерлері үшін не береді?

- Кез-келген оқу жаттығулары арнайы әскери техника және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен әскери-медициналық құрылымдарды лицензияландыруды арттыру жағдайын зерттеп, жан-жақты сараптама жасауға зор мүмкіндік береді.

- Қалай десек те, денсаулықты сақтау – әрдайым басты назарда болуы керек қой?

- Әрине. Адам үшін басты байлық – денсаулық. Ауруға шалдығу, науқастану адам үшін кері әсер етеді. Әр адам өз денсаулығы үшін жауапты. Осыдан бірнеше жыл бұрын жалпы медицинаны көтеруге көңіл бөлінсе, қазір медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімді болуын арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ден қойылып отыр. Қысқасы, бүгінгі заманда ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн.

- Әңгімеңізге рахмет. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"