Дін – қоғам өмірінде

   Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының жеке құрамы Семей қаласының орталықтандырылған кітапханасында терроризм мен экстремизмге қарсы күресте деструктивті діни идеологияға қарсы әскери қызметшілердің иммунитетін қалыптастыру мақсатында «Дін –
қоғам өмірінде» тақырыбында шара өткізді.

Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі секторының меңгерушісі Арман Рымқанов, Семей гарнизоны әскери сотының мамандары, әскери полиция жасағының әскери бөлімдерге алдын-алу іс-шараларын өткізу үшін бекітілген офицерлері қатысты. Олар діни экстремизмнің таралу проблемаларына тоқталып, жас ұрпақтың рухани, адамгершілік және өнегелік дамуы – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін түсіндірді. Қазақ халқының діні мен дәстүрі арасындағы өзара байланыс, мемлекетіміздің этносаралық және конфессияаралық татулық пен тұрақтылығына қауіп төндіріп отырған діни экстремистік көзқарас пен мақсатқа негізделген радикалдық идеологияларды ұстанатын бірлестіктердің пайда болу себептері, дұрыс емес діни ұстанымдарды анықтаудың қағидалары, қазіргі діни ахуал мәселелері де қозғалды. Ақысыз 114 байланыс желісі туралы да айтылды. Дөңгелек үстел басындағы шараның соңында «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.   

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"