БҰҰ бітімгершілерінің халықаралық күні

БҰҰ бітімгершілерінің халықаралық күні

Алғаш рет Қазақстанда Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайында жалпақ жұрттың, елімізде аккредиттелген дипломатиялық корпустың, бітімгершілік миссиялар мен Қарулы Күштер ардагерлерінің қатысуымен БҰҰ бітімгершілерінің халықаралық күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті.                

Бұл күн жыл сайын 2002 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің  № A/RES/57/129 бұрыштамасымен 29 мамырды Халықаралық бітімгершілер күні деп жария еткен кезде бүкіл әлемде БҰҰ бітімгершілерінің халықаралық күні (International Day of United Nations Peacekeepers) болып атап өтіледі. Бұл дата бүкіл әлемде қызмет етіп жүрген бітімгершілердің, оның ішінде, қазақстандық бітімгершілердің өзін-өзі құрбан ету мен жанқиярлық адалдығына тиісті баға беретін күн.   Мерекелеу «Ирактың ортақ аспаны аясында: қазақстандық және польшалық бітімгершілер» халықаралық жылжымалы көрмесінің экспозициясы орналасқан ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің атриумында өтті. Мерекелік шара кезінде Қазақстан – Ливан бейнебайланысы өткізілді. Оның барысында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен әскери дипломаттар қазіргі уақытта Ливанда бітімгершілік миссиясын орындап жатқан екінші қазақстандық бітімгершілік ротаның әскери қызметшілерін алдағы мерекемен құттықтады. Одан басқа, шара қатысушыларына  Ирак Республикасындағы миссия ардагерлеріне арналған режиссер Альбина Ахметова мен оператор Николай Трофимовтың «Қауырт жексенбі» деректі фильмінің премьералық көрсетілімі ұсынылды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи