Бұл парад бұрынғыдан өзгеше (ФОТО)

Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Жеңістің 72 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған биылғы Әскери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 5 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қа¬рулы Күштерінің жеке құрамынан 3371 адам тартылған. Тәуелсіздік алаңында шамамен 30 жаяу парадтық есептоп, яғни құрамында 5 мыңнан астам әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтсе, 300-ге тарта бірлік әскери техника көрініс тапқан. Оның ішінде 215 әскери техника және 82 қару-жарақ бар. Қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты мен жауынгерлік әзірлігін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің шамамен 70-тен астам, яғни 35 тікұшақ, 39 ұшақ  авиациялық техникалары паш етеді.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша датаға, яғни, Қарулы Күштердің құрылуының 25 жылдығына тұспа-тұс келген әскери парадтың өзіндік ерекшеліктері бар. Тартылған жеке құрам мен әскери техниканың саны бойынша бұл шеру бұдан бұрын өткізілген парадтардан өзгеше болмақ. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға дайындық қызу жүріп жатыр. Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған шараның маңыздылығын жете түсіне отырып, әскери қызметшілер күн сайын дайындықтарын пысықтауда. Сондай-ақ, әскери техниканы жоспарлы тексеру және техникалық қызмет көрсету де жүріп жатыр. Қарқынды жүргізілген дайындықты қадағалауға ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовтың өзі қатысты.

Бұрнағы күні әскери парадтың әуе бөлігінің жаттығуы өтті. Онда әуе бөлігін көк аспанда еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің 70-тен аса бірлік авиациялық техникасы паш етеді. Негізгі элементтер әзірше құпия болып қалуда. Бұл жолғы авиашоу өзінің көрсеткіштері бойынша бұдан бұрын өткізілгендердің арасында ең айрықша және есте қаларлық болмақ. Аспанда Ми-8, Ми-17, Ми-26, Ми-35, Ми-171Ш, ЕС-145, Ту-134, Ту-154, Ан-26, Ан-72, С-295 әскери-көлік авиациясы мен Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 майдандық авиациясының ұшақтары пайда болады.

Ширек ғасырлық тарихи датаға орай өтетін шерудің бұдан басқа да ерекшеліктері бар. Жұмылдырылған жеке құрам мен әскери техника санының көптігі бойынша бұл шеру бұған дейінгі шерулердің барлығынан асып түспек. Әскери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 5 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қа­рулы Күштерінің жеке құрамынан 3371 адам қатысады. Тәуелсіздік алаңында. шамамен 30 жаяу парадтық есептоп, яғни құрамында 5 мыңнан астам әскери қызметші салтанатты маршпен адымдап өтеді. 300-ге тарта бірлік әскери техника тартылады. Оның ішінде 215 техника, 82 қару-жарақ бар. Қазақстандық авиацияның көк аспандағы қуаты мен жауынгерлік әзірлігін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің шамамен 70-тен астам, яғни 35 тікұшақ, 39 ұшақ  авиациялық техникалары паш етеді. 2016 және 2017 жылдары әскеріміздің арсеналын толықтырған су жаңа әскери техниканы, заманауи қару-жарақ үлгілерін тамашалап, өз бағаларын бере алады. 

Жаяу колоннаны "Жас ұлан" мектебінің барабаншылары бастап шығады. Олардан кейін құрлық әскерінің сарбаздары, әскери-теңіз күштері, аймақтық құрылымдардың сарбаздары, барлаушылар, шекарашылар, арнайы мақсаттағы жасақтар, әскери қызметте жүрген әйелдер, әскери полицейлер, "Қазбриг" бітімгерлер ротасы, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары, Ұлттық және Республикалық Ұлан сарбаздары сап түзейді. Парадқа алғаш рет аумақтық қорғаныс әскерлерінің бірлескен құрамы қатысады. Ал әскери теxникалар шеруінде, «Смерч» дүркіндете оқ ату реактивті жүйесі, танкілер, зымыран кешендері, броньдалған көліктер, мина атқыштар, квадрациклдер, әскери багги, дрондар, байланысты бұғаттау мен тосқауыл жасау қондырғылары, адамдар мен жүктерді тасымалдайтын автомобильдер, зенит кешендері көрсетіледі. Әскери парадқа алғаш рет  "Арлан" отандық броньды машиналары қатысады. Дөңгелекті 16 тонналық теxниканың жылдамдығы - сағатына 100 шақырым. Осыдан кейін авиашоу басталады. Аспанда әскери тіұшақтар мен ұшақтар өнер көрсетеді.

Бірінші рет «Хьюи» тікұшағы және TL-2000 және Zlin оқу-жаттықтыру ұшақтары ұсынылатын болады.

Қорыта айтқанда, бұл шеру мерекелік іс-шара ғана емес, төл әскеріміздің қуатын, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, еліміз бен халқымыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін көрсетпек. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"