Броньды машиналар кәсіпорны

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС – Орталық Азиядағы заманауи броньды дөңгелекті машина шығаратын ең ірі кәсіпорын.

2013 жылғы 11 желтоқсанда елордадағы «Астана – Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының индустриялық паркі аумағында отандық брондалған дөңгелекті машиналарды шығаратын зауыт құрылысының іргетасына капсула қалау рәсімі өтті. Ал 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы – Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен зауыт салтанатты түрде ашылды. Арада 7 ай өткенде, зауыт «арландардың» алғашқы партиясын жеткізуді бастады. 2016 жылы бұл БДМ-дар алдымен тәжірибелік-әскери сынақтардан өтті. Сол жылдың соңына дейін әртүрлі климаттық жағдайларда сыналуы және шыңдалуы үшін өңірлік қолбасшылық әскерлеріне 30-дан астам машина жолданды. Ол көпмақсатты минаға қарсы қорғанысы күшті «Арлан» броньды көлігі еді.

«Арлан» бронды-дөңгелекті машинасы даладағы және көшедегі ұрыс кезінде пайдалануға арналған. Машинаның табаны биік, жол талғамайды. V-тәрізді табаны оны минаға түскен жағдайда жарықшақтарды шашыратып жіберіп, жарылыс қуатын сейілтуге қабілетті. Оның дөңгелектері – 8 кг тротилге татитын жарылысқа, бүйірлері 5 метр жерден – 50 кг тротилге татитын жарылысқа төтеп береді. Машинаға 10 жауынгерге дейін сыяды.

«Арлан» бронды-дөңгелекті машинасы Қазақстанның ауа райына арналып жасалды. -50⁰ С…+50⁰ С аралығында қалыпты жұмыс істейді. Әйнектері берік, оққа төзімді. Ату процесі толықтай автоматтандырылған: компьютерленген атыс кешені жауынгердің машинадан шықпай-ақ нысана көздеп (оптикалық zoom жүйесі бар), оқ жаудыруына мүмкіндік береді. Машина алғашқы рет Астана қаласында өткен KADEX-2016 әскери-техникалық жарақ көрмесінде көрсетілді. Қазір Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімшелеріне пайдалануға берілген.

«Машина өте мықты. Ол қазір сынақтан өтті. Оның жоғары қауіпсіздігі мен жайлылығын бірден байқауға болады. Автоматты басқаруы толықтай компьютерлендірілген», - дейді осы орайда әскери қызметшілер.

Бүгінде кәсіпорын броньды техниканың мынадай түрлерін шығарады: 
- 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Арлан» БДМ; 
- 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Алан» БДМ; 
- 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Номад» БДМ; 
- 6х6, сондай-ақ 8х8 дөңгелекті формуласындағы «Барыс» БТР-і;

Кәсіпорын күшейтілген минаға қарсы MRAP үлгісіндегі броньды машиналар шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық технологияға ие.

Зауыт аумағы 13 500 шаршы метрді құрайды.
Кәсіпорынның жоғары технологиялы қондырғылары жұмыстың толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Зауыттың өндіру күші – жылына 120 машина.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"