«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей гарнизонының 54770 әскери бөлімі мерзімді қызметтегі жас сарбаздармен толықты.
Әскери борышын өтеуші мерзімді қызметтегі сарбаздарды Семейдің темір жол вокзалынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери оркестрінің сүйемелдеуімен әскери әйелдер салтанатты түрде қарсы алды. Экскурсия жүргізіліп, бөлімнің құрылу тарихы мен бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері айтылды. Олардың әрқайсысына күнделікті хал-ахуалын біліп, әңгімелесу өткізетін әскери қызметші әйелдер де бекітілді. Отан алдындағы әскери борышты өтеуші әрбір жауынгердің еліміздің тыныштығын күзететін абыройлы азамат атанатынына зор сенім де білдірілді.
Алуа ИСКАКОВА
Суретті түсірген автор