Байланысшылар 2017 оқу жылының қорытынды тексерісін тапсыруда

Байланысшылар 2017 оқу жылының қорытынды тексерісін тапсыруда
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қорытынды тексеру аясында 18386 әскери бөлімінің байланысшы әскери қызметшілері жауынгерлікке жақындатылған жағдайларда ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерін сымды және радиорелелік байланыс жүйелерімен қамтамасыз ету жөніндегі практикалық сабақтарды пысықтады.

Практиалық сабақтар барысында далалық шығу жағдайларында байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету батальонының жеке құрамы алдында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысы басқармасымен радиорелелік байланысты орнату жөнінде жекелеген экипаждар мен бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін іс жүзінде пысықтау, ВИСП-97 ұшуларды басқару құралдарының жаңа кешені мен П-18(М) жаңартылған радиолокациялық станцияны тарта отырып, шартты жедел әуеайлақты басқарудың далалық пунктін өрістету тапсырмасы тұрды.        Әуеайлақты басқару пунктінен байланыс радиорелелік ультра қысқа толқындарды (УҚТ) және қысқа толқындарды (ҚТ) пайдалана отырып орнатылды.

Әуе кемесінің жұмысын ұдайы орналасу пункттерінде байланыс РТҚ бөлімшесі елестетті. «Қорытынды тексеріс шеңберінде біз нормативте белгіленген мерзімде байланысты орната отырып, шартты жедел әуеайлақта басқару пункттерін өрістетуден тұратын оқу-жауынгерлік тапсырманы пысықтадық. Бұл тапсырманың орындалуы жеке құрамның іс-қимылының жоғары үйлесімділігі мен материалдық бөлімді жетік білуді қажет етеді. Жеке құрам қойылған тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындай алу қабілеттілігі мен үйлесімділігін көрсетіп, қойылған тапсырманы ойдағыдай орындады», - деп 18386 әскери бөлімі байланыс және (далалық) радиотехникалық қамтамасыз ету торабының бастығы капитан Арман Сарғабаев атап өтті.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений