Байланыс әскерлерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы гарнизонында ҚР Қарулы Күштерінің байланыс Бас басқармасына  қарасты 03825 әскери бөлімінде  байланыс Бас басқармасының бастығы - ҚР ҚК байланыс әскерлерінің бастығы полковник Арман Калижанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың   «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын артыру» жолдамасын түсіндіру мақсатында жиын өткізді.

Елбасымыз халыққа жаңа стратегиялық тапсырмалар мен міндеттер қойды. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау әрбір қазақстандыққа тікелей байланысты, соның ішінде біздер мен сіздер барлық күш-жігерімізді мемлекетіміздің дамуы жолына бағыттауымыз керек деп атап өтті. «Қазір – жаңа уақыт, жаңа стратегиялық тапсырмалар мен еліміздің дамуының жаңа кезеңі. Біз жауынгерлік әзірлікті, кәсіби шеберлігімізді шыңдай отырып, маңызды мемлекеттік басымдылық, яғни, ұлттық қауіпсіздігімізді күзетуде берік болуға тиіспіз» дей келе, байланыс Бас басқармасының бастығы - ҚР ҚК байланыс әскерлерінің бастығы Елбасы Жолдауының басты алты тапсырмасына жеке тоқталды. Елбасының Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырғаны, әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы жайлы сөз қозғалды. Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жайлы жүйенің іске асырылуын қадағалау туралы, осы саладағы бірқатар басшыларға тапсырма берілгенін айтты. Сонымен қатар Қорғаныс Министрінің Қарулы Күштер келбетіне сыбайлас жемқорлық көріністері теріс ықпал ететіндігі жайлы үндеуіне де тоқталды. «Сондықтан осындай мемлекеттік маңызы бар іске үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн және Елбасының жаңа бастамаларының жүзеге асырылуына ҚР Қарулы Күштерінің байланыс әскері ретінде біз де өз үлесімізді қосуымыз тиіс. Жыл сайын өткізілетін республикалық және халықаралық маңызы бар оқу-жаттығулар байланыс әскерлерінің, жеке құрам мен байланыс әскери техникасының заманауи жағдайларда жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірлігін паш етеді. Байланыс әскерлері жыл сайынғы кешенді жаттығуларға қатыса отырып, мол тәжірибе жинақтайды»,- деді өз сөзінде ҚР ҚК Байланыс бас басқармасының бастығы полковник Арман Қалижанов. Еліміздің Қарулы Күштерін жаңа заманға сай қару-жарақ, техникалармен қамтамасыз ету керектігін және жаңа техниканы басқаруға білімді мамандар тартылу қажеттігін айтқан байланыс Бас басқармасының бастығы - ҚР ҚК байланыс әскерлерінің бастығы тарапынан жаңа оқу жылына жаңа тапсырмалар беріліп, маңызды міндеттемелер жүктелді. Ел басының жолдауымен толық танысқан бөлімнің жеке құрамы жаңа бастамаларды қуана қабылдады.

                                                                                            Майор Е.Хамитов

          03825 әскери бөлім командирінің (тәрбие және

                идеологиялық жұмыстар жөніндегі) орынбасары

                  

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"