ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Байланыс әскерлерінің даму тарихы

Жалпы байланыс деген ұғым – адамдар арасындағы қатынас құралдарының ең бастысы болып табылады. Сонымен қатар, әскери құрамаларды басқару ісін жүйелі және шұғыл жүргізу үшін олардың арасында берік байланыс орнатуға, әрі оны тұрақты қамтамасыз ететін арнайы әскер. Оған мемлекетті және Қарулы Күштерді басқарудағы ең шешуші роль жүктеледі. Әсіресе, әскери істегі рөлі маңыздырақ, оның басты мақсаты – бағынысты әскерлерді түрлі жағдайларда байланыс құралдарымен және әскери қарумен ұдайы басқаруды қамтамасыз ету болып табылады. Әскери байланыстың даму тарихы қарулы күрестің тарихымен тығыз байланысты.

Байланыс әскерлерінің ерлік тарихын оқып отырып, осы заманғы ұрысты үздіксіз, сенімді байланыссыз жеңе алмайтыныңды толық ұғынасың. Байланыстың жоғалуы – әскерлерді басқаруды жоғалтып алу болып саналады, ал жоғалу міндетті түрде жеңіліске әкеліп соқтырады. Осы заманғы байланыс құралдары келесі талаптарға сәйкес болуы қажет:

Байланысты өрістету және орнатудағы жоғары жұмылдыру жұмыстары барынша қашықтыққа, көпарналық, ұзақ ғұмырлық, жоғарғы өткізу қабілеттілігі, электрлік параметрлер тұрақтылығы, шамасы мен габариттер мүмкіншілігі, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының қарапайымдылығы.

Осыдан 25 жыл бұрын Кеңес үкіметінің құлдырауынан кейін және бұрынғы Республикаларда жеке Қарулы Күштердің құрылуына байланысты, 1992 жылы 7 мамырындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен байланыс әскерлері енгізілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Қазақстан Республикасы байланыс әскерлерінің ең алғашқы бастығы болып генерал – майор Мубарек Орынбекұлы Орынбеков тағайындалды. Бүгінгі таңда біз толық сеніммен байланыс әскерлерінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаруды қамтамасыз етудің негізі болып табылуымен, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басшылық құрамына тұрақты әрі үзіліссіз байланысты қамтамасыз ете алатындығын айта аламыз.

Жалпы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Байланыс                            бас басқармасына тоқтала кететін болсақ:

-       32355 әскери бөлімінің басқармасын және штабын құру туралы                           Бас штаб директивасының негізінде, 1989 жылдың 1 маусымында жеті офицер құрамында байланыс бөлімі құрылды. 1991  жылдың 1 тамызынан бастап     10040 әскери бөлімі байланыс бөлімі болып аталды;

-       Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылдың                                      7 мамырындағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сәйкес Республиканың дербес қорғаныс құрылысы басталды.                      1992 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің  Байланыс басқармасы құрылды;

-       1997 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Байланыс департаменті болып қайта аталды;

-       Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2007 жылдың                             9 сәуіріндегі директивасы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ақпараттандыру және байланыс бас басқармасы болып қайта аталды;

-       Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2009 жылдың                        4 қазанындағы директивасы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Байланыс Бас басқармасы болып қайта аталды.

 

 

генерал – майор

Мубарек Орынбекұлы Орынбеков

1992 – 2003 жылдар аралығында

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының

Байланыс департаменті бастығының қызметін атқарды

полковник

Ержан Тоқтарұлы Қасымханов

2003 – 2007 жылдар аралығында

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Штабтар бастықтары комитетінің

Байланыс департаменті бастығының қызметін атқарды

полковник

Тимур Тоқанұлы Кемербаев

2009 – 2015 жылдар аралығында  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Байланыс бас басқармасы бастығы қызметін атқарды

 

полковник

Серік Қадылбекұлы Құрманов

2015 жылдан бастап

Бас басқармасының бастығы -  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Байланыс әскерлері бастығының қызметін атқарып келеді

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі ең ірі байланыс торабы 55765 әскери бөлімі болып табылады.

Байланыс торабы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің                       1998 жылдың 26 маусымдағы директивасының негізінде құрылды. Құрылуы Астана қаласында 1999 жылдың 11 маусымынан басталды. Байланыс торабының құрылуы мен қалыптасуында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Байланыс әскерлерінің төменде аталған офицерлері ат салысты:

1.     генерал – майор М.О. Орынбеков;

2.     полковник Ж.Б. Байсалов;

3.     полковник А.Н. Хлызов;

4.     полковник В.П. Герасимов;

5.     полковник В.Д. Вахрушев;

6.     полковник С.А. Гвоздев;

7.     полковник Р.Л. Хасенов;

8.     полковник Е.Т. Қасымханов;

9.     2 ранг капитаны Г.К. Бектурганов;

10.          полковник М.К. Какимов;

11.          полковник Ж.Д. Джансеркеев;

12.          полковник Е.Т. Камзинов.

 

Қазіргі таңда 55765 әскери бөлімін подполковник Айдар Әскербекұлы Жақыпқожин басқарып келеді. Артта қалған уақыттарға қарағанда байланыс торабы күннен күнге дамуда. 55765 әскери бөлімінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері басшылығын байланыспен қамтамасыз ету бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді түрлі жағдайда орындай алатынын жыл сайынғы тексерулер қорытындыларында көрсетуде.

Сонымен қатар, полковник Мейрам Ордалыұлы Хамзин бастаған                   55765 әскери бөлімінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Далалық байланыс торабы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығының бұйрығы бойынша Ақмола облысы, Аршалы ауданы Жібек – жолы округіне шоғырланды. Аталған торап       өз жұмыстарын 2016 жылдың 25 қаңтарынан бастады.

Далалық байланыс торабы жылдан жылға жаңа техникалармен қамтамасыз етілуде, олар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ауқымында өткізілетін әскери оқу-жаттығуларына белсенді түрде қатысады. Мысалға айта кететін болсақ, тек қана 2016 жыл ағымында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Далалық байланыс торабы төменде көрсетілген ауқымды командалы – штабтық оқу жаттығуларына қатысты:

-         2016 жылғы қаңтар айында: «Қазақстан Республикасы Қорғаныс

Министрлігінің Ұлттық Қорғаныс университеті Командалы – штабтық әскери ойындарына»;

-         ақпан айында: «Айбалта – 2016 » оқу жаттығуларына;

-         наурыз айында: «KADEX – 2016 » халықаралық көрмесіне;

-         сәуір айында: «Қаратау – 2016 » оқу жаттыгуларына;

-         маусым айында: «Айбын» жастар патриоттық жиынына және «Кадет

корпусына – 20 жыл» түлектердің оқу орынын тәмамдау кешіне;

-         шілде айында: «АРМИ – 2016 » ойындарына;

-         қазан айында: Спасск оқу орталығы «Әскери семинар (әскери

дискурсына)».

Соның ішінде 2016 жылы болған «KADEX – 2016» халықаралық көрмесін алатын болсақ,  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Далалық байланыс торабы,  ӘМКБ (әмбебап мобильді байланыс кешені) құралдарын, Қазақстан Республикасының түрлі аудандарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ведомстволық желісіне шығулары үшін арналған жоғары өтімді (КаМАЗ – 43118) автокөлігі базасында орналастырылған техникалық құралдар жиынтығы, сонымен қатар П-240 ТМ кешендік аппараттығы радио – радиореле және сымдық байланыс құралдарын, ҚТ (қысқа толқынды) және ӨТҚ (өте қысқа толқынды) диапазонды дистанциялық басқару үшін құрылған, ДЖ (дәлдеу жиіліктері) арналары бойынша ашық және құпияланған телефон байланысын қамтамасыз ету үшін арналған байланыс құралдарын көпшілік назарына ұсынды.

55765 әскери бөлімінің Фельдъегерлік – пошта байланыс орталығы Қарулы Күштерімізде беделге ие екенін айта аламыз.

Фельдъегерлік – пошта байланыс орталығы арқылы құпия және құпия емес хаттар Үкімет, Парламент, министрліктер мен ведомстволар, Қазақстанның түпкір – түпкіріндегі әскери бөлімдер мен Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге жеткізіледі.

Фельдъегерлік – пошта байланыс орталығы «Қазпошта» Ақционерлік қоғамымен тығыз байланыста. Қорғаныс министрлігіндегі департаменттер  мен Ақмола гарнизонына қарасты әскери бөлімдерге газет – журналдардың дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Байланыс торабының байланысшылары қазіргі заманғы байланыс құралдарында қызмет атқарады. Әскери байланысшылар шалғай және ішкі байланыс арналары бойынша байланысты қамтамасыз етеді, бағынысты станциялардың іс – әрекетін үйлестіретін ТМД  елдерінің арналарымен спутник арқылы өзара іс – қимыл жасайды, қажетті арналар бойынша байланысты қамтамасыз етуге жәрдем береді,                     іс – қимылды бақылайды және байланыстың қауіпсіздігін қадағалап отырады.

25 жылда байланыс торабының жеткен жетістіктері көп, жыл сайынғы болатын түрлі оқу – жаттығуларға  қатысады, әскери бөлімде қызмет атқаратын келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайының жақсарғаны, олардың Қарулы Күштер саласында өткізіліп жатқан барлық спорттық және мәдени іс – шараларға белсенді ат салысулары, сонымен қатар жеке құрам аталған іс – шараларға ынта – жігерлерімен қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Оған дәлел – әскери бөлімде орналасқан спорт бұрышындағы көптеген мақтау қағаздары мен кубоктарды атап өтуге болады.

Жеке құрам Қорғаныс министрлігінің ауқымында өткізілетін                                  іс – шаралардан да мадақтауларға ие болды. Байланыс әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы заманға сай екендігін және жеке құрамға әскери қызметті адал атқаруға барлық мүмкіншілік жасалған деп нақты айтуға болады. 

 

Гауһар АЯПБЕРГЕНОВА

Ақмарал САКЕНБАЕВА


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах