«Батыс» ӨңҚ жауынгерлері тәртіп бұзушыны қолға түсірді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлім жауынгерлері Оралда құқық бұзушыны суық қарумен қолға түсірді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында қатардағы жауынгерлер Абылай Мұстажап, Дмитрий Лезнев, Данияр Баратов бар топ қала тыныштығын күзетіп жүрген кезде М.Мәметова атындағы көше бойындағы 48-үйдің қасынан мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған жас жігітті байқайды. Тұрғындардың ескертуіне құлақ аспаған ол балағат сөз айтып, сес көрсетеді. 

Әскери қызметкерлердің талабына бой бермеген тәртіп бұзушы қашпақ болған кезде ұсталды. Оның спорттық күртесін қараған кезде сол жақ қалтасынан жиналмалы пышақ шықты. Суық қарумен ұсталған жігіт одан әрі тергеп-тексеру үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Батыл қимылы мен кәсіби қызметі үшін аталған жауынгерлер әскери бөлім командирімен ынталандырылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"