«Батыс» өңірлік қолбасшылығында тұнғыш министерді еске алды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері Атырау гарнизоны жеке құрамы 41433 әскери бөлімінің саптық алаңында Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың рухына тағзым етіп, еске алу шарасын өткізді, деп хабарлайды sarbaz.kz.

Митингті ашқан «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ринат Ахметов Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірбаяны мен жауынгерлік жолы, игі жетістігі жайында жеке құрамға баяндап айтып берді. Сондай-ақ, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы полковник Нұрлан Алдияров тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлының еліміз егемен алғаннан бастап осы салаға тер төккендігін, қорғаныстың қалыптасып, дамуына зор үлес қосқандығын тілге тиек етті. Мұнан соң, аты аңызға айналған тұлғаны әскерилер бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шара барысында жеке құрам салтанатты шерумен сап түзеп өтіп, мәдени демалыс орталығында Халық Қаһарманының өмірлік бейнебаянын тамашалады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"