«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесінің отырысы өткізілді

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде сержанттар кеңесінің отырысы өтті. Онда сержанттар құрамының ағымдағы міндеттері бойынша талаптар жеткізілді және сержанттарды даярлау жүйесін дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Оқу жылы басталысымен әскери бөлімдерде жаппай жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың қарқындылығы белең алуда. Отырыста сержанттардың абыройы мен намысына, әскери серіктестік, әскери бөлімге жаңадан келген әскери қызметшілерге қалыптасуда көмек көрсетуге қатысты анағұрлым өзекті мәселелер талқыланды. Одан басқа, сержанттардың отбасыларында моральдық-адамгершілік жағдайды нығайту, балалары оқитын мектептерге көмек көрсету, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелері қаралды. «Кіші командирлер жеке құрамды басқаруда негізгі тауашаға ие. Сержанттардың жұмысындағы сәттілік көбінесе олардың өздерінің жеке парызы мен бағыныстыларының істері мен қылықтарына жауапкершілікті қаншалықты сезінетіне байланысты, білімдері мен тәжірибелерін жетілдіреді, әскери жарғымен берілген құқықтарын орынды пайдаланады», - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 3-сыныпты сержанты Тимур Иманәлов. Қарулы Күштерде сержанттардың жалпы және әскери мәдениетін арттыру, оларды жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысына тарту, сондай-ақ Қазақстан армиясында сержанттар корпусының ролін нығайту мақсатында жыл сайын Бүкілармиялық сержанттар кеңесі өткізілетінін айта кетейік.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"