«Батыс» өңірлік қолбасшылығында командирлік дайындық бойынша жиын басталды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында  командирлік дайындық бойынша жиын басталды

Атырау гарнизонында мотоатқыш, танкті және штабтық батальондардың, артиллериялық және зениттік дивизиондардың, сондай-ақ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері теңіз жаяу әскерлері батальондарының командирлерімен командирлік даярлық бойынша жиын басталды.

Өткізіліп жатқан іс-шараның басты мақсаттарының қатарында жедел-тактикалық дайындықтың, барлау мен РЭК-тің тың жаңалықтарын зерделеу, озық тәжірибені талдау, ұрыстың әр түрінде жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру бойынша білім мен практикалық машықтарды жетілдіру. Іс-шаралар теориялық және практикалық сабақтар кешенін  қамтиды. Оның барысында офицерлер міндеттерді орындауға жеке құрамды дайындаудың жаңа үлгілері мен әдістерін меңгереді. Аталмыш жиын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіровтің жеке бақылауымен өткізілуде. Ол жиын басталысымен офицерлерді сапалы әрі тиімді оқуға жетелей түсті. «Батальондық буынның командалық құрамы заманауи жылдам өзгеретін жағдайда өздерінің міндеттерін орындауға әзір болуы тиіс. Бүгінде батальон командирлері тәжірибелі офицерлердің жетекшілік етуімен кәсіби және командирлік дайындық деңгейлерін арттыруда. Бұл олардың бір сатыға жоғары немесе өзара ауыстырылымдылық тәртібінде қызметтік міндеттерін орындауға әзірліктерін арттыруға мүмкіндік береді», - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров. Жиын ақяталысымен батальон командирлері барлық өткен пәндер бойынша сынақ тапсырады. Қолбасшылық ұрысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша олардың білім деңгейлеріне баға беретін болады. Жиын ағымдағы жылғы 15 маусымда аяқталады.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Хроника Независимости: 20 важнейших событий

Хроника Независимости: 20 важнейших событий