Батырлыққа бастар жол – қан тапсырып донор бол!

Батырлыққа бастар жол – қан тапсырып донор бол!

Қан тапсырудан асқан қайырымдылық жоқ. Статистика бойынша әрбір үшінші адам өз өмірінде өзге біреудің қанына мұқтаж. Донорлық қан болмаса, қан ауруына, онкогематологиялық, онкологиялық дертке шалдыққан балалар мен ересек адамдардың өмірін арашалап қалу мүмкін емес. Донор болу – «дерті дендеген адамды құтқару».

Осыған орай, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының жеке құрамы мен мерзімді қызметтің әскери сарбаздары Нұр-Сұлтан қаласы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығынан келген мамандарға ерікті түрде қан тапсырды. Сөйтіп олар қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлап, оларға қолдау, мейірімділік пен қамқорлық көрсету арқылы шарапаты мол шараға белсенді ат салысты.

Республикалық қан орталығының мамандары берген мәліметінше, елімізде лейкоз ауруымен 600-ден астам бала ауырса, жыл сайын оның 50-ге жуығы сүйек кемістігін трансплантациялауға мәжбүр. Баланың аурудан сауығуы үшін кем дегенде 500 донордың көмегі қажет екен.

Сондықтан, денсаулығы жарамды әрбір азамат қанын тапсырып, өзгеге көмек қолын созуға асығуы керек.

Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы «Батырлыққа бастар жол – қан тапсырып донор бол!» атты ұранымен басқа да әскери полиция органдары және әскери бөлімдер мен әскери мекемелердің жеке құрамын қайырымдылық шараға ерікті түрде қатысуға шақырады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи