Батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, ардагерлер ұйымының басшылары, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, Ауған соғысының ардагерлері, генерал Панфиловтың ұрпақтары еске алып, Кеңес Одағының батыры Иван Панфиловичтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

«Қазақстанның орта және аға буынның біршама азаматтары үшін генерал Панфиловтың есімі - бұл батылдық пен ерліктің нышаны іспетті. Біз аты аңызға айналған, 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеу қаласының маңайындағы ұрыстарда қазақстандық 316-шы атқыш дивизиясының бөлімдерін білікті түрде басқарған Ивана Васильевич Панфиловты міңгі ұмытпаймыз. Бұл фашизмге қарсы ұлы шайқасқа қатысқан барша қазақстандықтарға деген құрмет. Қазақстандықтар жаупен жанкешті айқаса отырып, соғыс майданында қайсарлық танытты. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Сергей Луганский, Леонид Беда, Нүркен Әбдіровті және тағы мыңдаған қазақстандықты еске алу біздің парызымыз», - деді Алматы қ. қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Амантай Өсербаев. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Панфилов әрекеттегі армияның құрамында болды. Ол 316-шы атқыш дивизиясының құрылуымен айалысты. Оны кейіннен Солтүстік Батыс және Батыс майдандарында өзі басқарды. Дәл сол кісінің дивизиясы 1941 жылдың қазан-қараша айларында Мәскеудегі Волоколамск бағытында қарсыластың асып түсетін күшімен ауыр қорғаныс ұрыстарын жүргізді. Осы ұрыстардағы сәтті әрекеттері мен жеке құрамның батылдығы үшін 1941 жылдың 17 қарашасында 316-шы дивизия Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал келесі күні 8-ші гвардиялық атқыш дивизиясы болып қайта құрылды. Кейіннен ол командирдің құрметіне орай Панфилов құрметті атағын алды. Бірақ, бұл Иван Васильевич қайтыс болғаннан кейін болды. Генерал-майор Иван Панфилов 1941 жылғы 19 қарашада Мәскеу облысы Волоколамск ауданы Гусенево ауылындағы шайқаста қаза болды. Ол Мәскеудегі Новодевичье зиратында жерленді. 1942 жылдың сәуірінде қаза болғаннан кейін Панфиловқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"