Батыр есімі ұлықталды

Батыр есімі ұлықталды

14 желтоқсанда ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде даңқты қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының мақтанышы Б.Момышұлының туған күніне орай «Ер есімі – ел есінде» іс-шарасы өткізілді.

Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері батыр атамыздың соғыс жылдарындағы өмірінен үзінді көріністер көрсетіп, көрермендерді өз өнерлерімен тамсандырды. Батыр Бауыржан аталарына арналған арнау өлеңдерін де оқыды. Солардың бірі – 1 оқу ротасы 2 взводының ұланы Шынтас Ерсұлтан.

 

Бауыржан атама

 

Батырым, найзасымен көк тіреген,

Қолымен от майданда от күреген.

Ұлы Отан соғысын еске аламыз,

Сондықтан өткір ән мен өткір өлең.

 

Нұр жауған, бақыт тұнған алабына,

Мәңгілік ырза саған дала мына.

Жазушы-батырымды еске аламыз,

Қайрат күші, әскер сөзі қаламында.

 

Біз боламыз бүгінгі мұрагерің,

Артыңыздан еріп келед Құлагерің.

Күллі қазақ өзіңмен, мақтанышпен,

Марқайып, масаттанып тұрар елің.

 

Елемейтін қару түгіл зеңбіректі

Өр мінезді ақылды, ер жүректі.

Қан майданда от кешіп қаһарманым,

Жауларын шеттерінен тентіретті.

 

Бетке ұстар қазақтың асылысың,

Әр қазақтың туысқан жақынысың.

Атың сенің өшпейді бұл тарихтан,

Бір туатын мың жылда батырымсың!

 

Бата алып ынтымақты халқынан,

Ойы тұнық, қаламынан сөз тамған.

Бауыржандай батырыма еліктеп,

Еріп келем сарбаз-ұлан артыңнан.

 

Соғыс жылдары елімнің ауыр халі,

Жаңғырады жаңаша Бауыржаным,

Құтты болсын 108-ге толған күнің,

Мәңгі жаса! Мәңгіліксің, Бауыржаным!

 

 

Қызметкер Г. РИШАТ

ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы

Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи