"Батыр арулар" байқауына қатысушыларға шетелдіктер дауыс беруде

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери кәсіптің үздік өкілдеріне Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге жақын және алыс шетелдегі тұрғындар дауыс беруде.

Ресей Федерациясы, Украина, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Беларусь, Германия және тағы басқа елдердің тұрғындары 12 үздік әйел әскери қызметшіні белсенді түрде таңдауда.  «Осы жылы мен байқауға қатысамын деп бел будым. Себебі, бұл теңдессіз, бірегей сайыс. Әлбетте, мен финалистер қатарында болғым келеді. Мен өзімнің әлеуметтік желімде дауыс беруге арналған сілтеме жасадым. Маған белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Байқауда қолдау өте маңызды екенін айта кеткім келеді», - деді «Батыр арулар-2016» байқауына қатысушы қатардағы жауынгер Есения Маркштедер. Бүгінгі күні байқау қатысушыларына 130 мыңнан аса адам өз дауыстарын берді. Дауыс беру 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми веб-сайтында өтуде.  Барынша әділ дауыс беру үшін әрбір сайт қолданушысы бір ip-адрестен бір ғана дауыс бере алады. Таңдау оnline режімде өтуде, дауыстар автоматты түрде сайттың  web-парақшасында көрсетіледі. Әрбір қатысушыға берілген дауыс санын айқын көрсетіп,  жалпы дауыс беру барысын жіті қадағалауға мүмкіндік береді. «Батыр арулар» байқауы Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметін жария ету үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылғанын естеріңізге сала кетейік. Былтырғы жылы алғашқы байқауға 123 әйел әскери қызметші қатысты. Қырық күндік онлайн дауыс беру нәтижесінде конкурсанттарға өте-мөте көп, яғни, 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, сонымен қатар өзге елдердің тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның қолданушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде бірталай сынақтардан мүдірмей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірліктерін, төзімділіктері мен күш-жігерлерін паш еткен Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері болып табылатынын дәлелдеген 12 жеңімпаз анықталды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"