"Батыр арулар" байқауына 3 күнде 32 мыңға жуық дауыс берілді

Қазақстанда «Батыр арулар – 2016» әскери кәсіптің үздік өкілдеріне дауыс беру басталды. Нәзік жанды жауынгер қыздардың 80 өкілі бірегей байқауда жеңіске жету үшін бақ сынасуға кірісті.

Дауыс беру күнінен бастап 3 күн ішінде 80 әйел әскери қызметшіге 32 мыңға жуық дауыс берілді. Бұл ретте сандық көрсеткіш секунд сайын ұлғаюда.   Дауыс беру 2016 жылғы сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми веб-сайтында өтеді.  Барынша дәйекті дауыс беру үшін әрбір сайтқа кіруші бір ір-адрестен бір ғана дауыс бере алады.   Таңдау оnline режімде өтеді, дауыстар автоматты түрде сайттың  web-парақшасында көрсетіледі. Бұл дауыс беру барысы мен әрбір қатысушы бойынша дауыс санын көрнекі түрде қадағалап отыруға мүмкіндік береді. «Батыр арулар» байқауы Қазақстандағы әйелдердің әскери қызметін жария ету үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылып отырғанын естеріңізге сала кетейік. Былтыр тұңғыш байқауға 123 әйел әскери қызметші қатысқан болатын. Қырық күндік онлайн дауыс беру аясында конкурсанттарға  255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардың арасында ғана емес, өзге елдердің тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанның пайдаланушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде талай сынақтардан сүрінбей өтіп, өздерінің жауынгерлік әзірліктерін, шыдамдылықтары мен күш-жігерлерін дәлелдеген 12 жеңімпаз анықталып, Қазақстан Қарулы Күштерінің лайықты өкілдері екендіктерін мойындатты. Дүбірлі дода соңында кәсіби стилистер қыздарды ажарландырып, жеңімпаздар мамандандырылған күнтізбеге арналған фотосессияға қатысты. Аталмыш күнпарақтың жеке-жеке беттерін «Батыр арулар» байқауының әр жеңімпазы әрлендіре түсті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"