Батальонда ашық есік күні өтті

   «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44793 әскери бөлімі ұтқырлы торап байланысының батальонында ашық есік күні ұйымдастырылды.

   Онда әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне әскери бөлімнің құрылу тарихынан қысқаша мағлұмат берілді. Бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері мен алдағы міндеттері баян етілді. Батальон командирі подполковник Болатбек Ғылманов пен оның тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Нұралы Мұқажанов жеке құрамның отбасы мүшелері алдында сөз сөйледі. Олар Отан қорғаушылардың бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруға, әскери ұжымдарда тәрбие ісін түбегейлі жақсартуға және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған ҚР Президентінің талаптары мен Қорғаныс министрлігі директиваларының орындалу барысына тоқталды. Отбасы мүшелерінің әскери қызметке түсіністікпен қарағаны, ұстамдылығы мен төзімділігі, жылылығы мен мейірімділігі, әрі қиыншылық атаулыға қажырлықпен қарсы тұра білуі аса маңызды екенін айтты. Әлеуметтік мәселелерге қатысты сан алуан сұрақтарға да жауап берді. Отбасы мүшелері әскери бөлімнің жауынгерлік жарыстағы жүлделері қойылған арнайы бұрышты көрді. Сондай-ақ, әскери көліктер қойылған парк пен оқу бөлмелерін аралады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"