Батальон командирлерінің жиыны өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери құрылымдар мен бөлімдердің батальон (дивизион) командирлерінің жиыны жалғасуда.

Батальон (дивизион) командирлерінің командирлік дайындығы жөніндегі жиын 28738, 36803 және 30217 әскери бөлімдерінің базасында өтіп жатыр. Онда тактикалық дайындық, барлау, инженерлік әзірлік, зымыран әскері мен артиллерияның жауынгерлік қолданысы, ұрыста әскерді тылмен қамтамасыз ету, ұрыста әскерді техникамен қамтамасыз ету, моралды-психологиялық қамтамасыз ету, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, әскери топография, радиоэлектронды күрес, әскерді басқарудың  автоматтандырылған жүйесі, халықаралық гуманитарлық құқық, мобилизациялық дайындық, психологиялық тест, мемлекеттік құпияларды қорғау, әскери-медициналық әзірлік, атыс және атысты басқару, ұрыста әуе шабуылына қарсы қорғаныс, тактикалы-арнайы дайындық, әскерді күнделікті басқару, дене дайындығы, атыс және жауынгерлік жұмыс, әскери педагогика мен психология, сондай-ақ, мәдени-демалыс бағдарламасы бойынша дәрістер ұйымдастырылуда. Бұған қоса тактикалық лездемелер де жүзеге асады.

Батальон (дивизион) командирлері жинақтаған білімдерін өз құрылымдарында офицерлердің кәсіби біліктілігінің жетілуіне және жауынгерлік әзірлік жөніндегі сабақтардың сапасының артуына жұмсайтын болады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"