Басқарудың озық тәжірибесін зерделеді

21 қыркүйекте ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жобалық кеңсе өкілдері «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ сарапшыларымен жобалық басқару мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ өкілдері қолданысы орталықтың тұрақты коммерциялық нәтижелер бағасы мен жетістіктерін қалыптастыруға баса назар аудара отырып, коммерциялық бағдарланған нысаналы операциялық модельге көшуді сапалы және мерзімінде аяқтауға мүмкіндік берген жобалық басқаруды енгізу бойынша ұсынымдарымен бөлісті. Бизнес нәтижелерді одан әрі өсіру үшін орталықта жобалық басқару мәдениеті мен тәжірибелері енгізілуде.

 «Бізбен орталықтың коммерциялық операциялық нысаналы моделіне көшу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ тек қана мемлекеттік бюджеттен ғана емес, сондай-ақ коммерциялық қызметтерден қаржыландырылады. Орталықтың бюджетіне түсетін қаржы көлемінің 50%-ы коммерциялық қызметтер көрсетуден тұрады», - деп атап өтті «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ жобалық кеңсе басшысы Шолпан Сапарғали.

Өз кезегінде қызметкерлер министрлікте енгізілген жобалық басқару қызметі жүйесі туралы айтты. Министрліктің жобалық кеңсесі алдында тұрған сын-тегеуріндер және ағымдағы қызмет нәтижелері туралы хабарланды.

Кездесу соңында министрліктің және «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ қызметкерлері жобалық басқаруды енгізудің сәтті тәжірибе алмасу бойынша әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруда сенім білдірді.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"