Бас штабының бастығы бірқатар әскери бөлімдерді кенеттен тексерді

ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің жетекшілік етуімен комиссия ҚР ҚК ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдері мен мекемелерінде кенеттен тексеріс жүргізді.

Инспекция барысында жеке құрамның жауынгерлік кезекшілікті өткеру тәртібі, қару-жарақ пен әскери техниканы, байланыс құралдарын сақтау шарттары тексерілді. Жауынгерлік әзірлік бойынша іс-шаралар шеңберінде ҚР ҚК ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері командалық пунктте автоматтандырылған режімде іс жүзінде арналым бойынша оқу-жауынгерлік тапсырманы пысықтады. Тексеру қорытындысы бойынша комиссия ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚҚ әскери бөлімдері мен мекемелері бөлімшелерінің оқытылуы мен үйлесімділігіне жоғары баға берді. Одан басқа, ҚР ҚК Бас штабының басшылығы әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және жауынгерлік даярлық бойынша іс-шаралардың сапалы өткізілуі жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"