Барлық сайыс белсенділікті талап етеді

Ресей Федерациясы жыл сайын ұйымдастыратын Халықаралық армия ойындарының маңызы жыл санап артып келеді. Ойын құрамындағы аталымдар да жиілеп, қатысуға ниет танытқан мемлекеттер де көбеюуде. Биыл төртінші мәрте өтетін байрақты бәсекенің үш кезеңі Қазақстан аумағында өтеді деп жоспарлануда. «АрХО-2017» сайысы барысында барлығы 28 жарыс өтеді. Додаға қатысуға 29 ел қатысуға келісім берген.
Төменде осы байқаудың шеңберінде өтетін  бірқатар сайыстарға кеңірек тоқталуды жөн көрдік

Халықаралық армия ойындарының басты бәсекелерінің бірі – «Танк биатлоны». Танк экипаждары арасында өтетін әскери-далалық жарыс Мәскеу облысына қарасты «Алабино» полигонында ұйымдастырылмақ. Оған 19 ел қатысады.

Команда құрамы 21 адамнан тұратын «Т-72» танктерінің додасы жеке жарыстан және эстафетадан тұрады.

«Теңіз кубогы» үшін таласта су үсті кемесі мен су асты қайығы жауынгерлік бөлімінің ең үздік командирі анықталады. Бұл жарыс Владивосток және Әзірбайжан республикасы аумағындағы Жапон теңізі бен Каспий теңізінің акваториясында өтеді. Бұған барлығы 5 ел қатысады. Мұнда үміткерлер кемені бағытталуы бойынша қолдану, құтқару үшін күрес, теңіз үстінде жарыс және құтқару дайындығы сынды аталымдар бойынша сыналмақ.

 

Тау-кен бөлімшелерінің әскерилері сыналатын «Эльбрус тегеуріні» сайысы Балқар Республикасының Теріскөл, Қабар аймағында өтетін байқауға барлығы 6 мемлекет қатысады.

Мұнда жеңімпаздар биіктігі 5642 метрлік Эльбрус шыңын бағындыратынын айта кеткен жөн.

 

«Артиллериялық оттың шеберлері» байқауы биыл тағы біздің жерімізде өтеді.  Былтыр 12 мемлекеттің үздік мергендері мен артеллерияшылары қазақ топырағында жеңіс үшін сайысқаны есімізде. Мұнда команда құрамы 64-66 адамнан тұрады. Сайысқа қатысатын 7 мемлекет күндізгі және түнгі жағдайларда өтетін атуға қатысады.

 «Десанттық взвод» сайысында қазақстандық десантшылар өзге елдердің жауынгерлерімен бақ сынасады. ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері халықаралық жарысы шеңберінде өтетін десант биатлонына белсенді түрде дайындалды. Десантты түсіру, таулы жерде барлау, жауынгерлер мен қару-жарақты бір жерден екінші жерге көшіру – бұл десантшылар додасына қатысушылардың негізгі іс-қимылдары.

Аталмыш жарыс Қытайда өтеді. Сайысқа барлығы 9 мемлекет қатысады.

 «Қару шебері» сайысы Қытай Халықтық Республикасының «Қорла» полигонында өтеді. Оған барлығы 5 мемлекет қатысады деп күтілуде. Бұл байқауға қатысатын Қазақстан Қарулы Күштерінің командасы – құрама, оның құрамына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты бірнеше әскери бөлімдердің әскери қызметшілері кіреді. 01731 әскери бөлімі жөндеу-қалпына келтіру батареясы командирінің орынбасары майор Ернар Шағановтың айтуынша, жаттығуларда командаға қойылған негізгі тапсырмалар 120 милиметрлік АД-30 гаубицасын, 23 милиметрлік ЗУ-23 зениттік қондырғысын далалық жағдайда жөндеу қимылдарын барынша пысықтау болып табылады. Сонымен қатар, кедергілерді кесіп өту арқылы орудияларды тасымалдау, оларды толық шашып-жинау да жаттығулардың күрделі кезеңіне кіреді. – Барлық тапсырмаларды уақтылы әрі сапалы орындауымыз қажет. Сол себепті, дайындықтар күшейтілген режимде өтуде, – дейді майор Е. Шағанов. «Қару шебері» халықаралық байқауына бәсекелестіктің артуына байланысты оған қатысушыладың саныда өсуде. «АрМИ – 2017» ойындары шеңберіндегі бұл байқау биылғы тамыз айының басында.

«Аспан кілті» халықаралық сайысы Астрахан облысының Ашулук полигонында өтеді. Сайысқа 5 мемлекеттің командасы қатысады. Байқау бес кезең бойынша өтеді. Атап айтқанда, шынайы авиацияны белгілеумен қарсыластың әуе соққысына тойтарыс беру, іске қосу қондырғысын оқтаумен зымырандардың іске қосылуын елестету, механик-жүргізушілердің жарысы, зениттік зымыран дивизионының маневр жасауы және жауынгерлік іске қосулармен әуе қарсыласының соққысын тойтару.

«Әскери барлау үздіктері» сайысына Қазақстанныӊ әскери қызметшілері "Әскери барлау былтыр алғаш рет қатысқан болатын. Биыл бұл тартыс Новосибирскіде өтеді. Команда құрамы 21 адамнан тұрады. Бұл жарыста әскерилерімізге үздік, мықты және еӊ кәсіби деген атаққа ие болу үшін өзге елдердіӊ командаларымен бақ сынасуда оларға бірнеше кезеӊнен өтуге тура келеді. Командалар десанттау мен марш жүгіруді орындайды, оқ атады, кедергілер жолағынан өтіп, жаяу әскердіӊ жауынгерлік машинасын жүргізу дағдысын көрсетеді.

 «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс, барлау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері мен механикаландырылған бригадалары команда құрамына кірді. Біздің команда құрамында 28 әскери қызметші, оның ішінде негізгі және запастық құрам да бар.

«Рембат» халықаралық конкурсына Қазақстан, Ресей, Қытай елдерінің командалары қатысады. Жарыс төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде әскери қызметшілер жөндеу-эвакуациялау, жылжымалы техникалық қамтамасыз ету шеберханасы көлігінде, сондай-ақ броньдалған эвакуациялау көлігінде жеке жарыстарға қатысады. Жарыстың екінші кезеңінде олар оқ ату даярлығынан бақ сынайды. Бұл жерде сайысқа қатысушылар 200-ден 400 метрге дейінгі аралықтағы алты нысанды бағындыру, сондай-ақ 25 метрдегі габаритке гранатаны дәл тигізу сынақтары күтіп тұр. Конкурсанттар үшін сайыстың әскери-спорттық кешені салмақты сайыс болғалы тұр. Өйткені, бұл кезең барысында 500 метр халықаралық кедергі жолағын бағындыру, содан кейін ұзындығы 1700 болатын барлаушы соқпағын, содан кейін жерлерді бағдарлауды жүргізу және арнайы тапсырманы орындау үшін шеберлер шебін алу сынақтары бар. Үшінші кезең айтарлықтай күрделі кезеңдердің бірі. Бұл жерде барлық кедергілерді бағындыру үшін барынша дене күші мен шыдамдылық таныту керек. «Рембат» конкурсын авто айлақтар мен броньды айлақтарда нормативтерді орындау экипаждарының аралас эстафетасы аяқтайды. Бұл байқаудан біздің әскерилердің де жүлделі орындарға деген нық сенімі бар. 

АрХО-2017» сайысы шеңберінде «Автоброньды техника шеберлері» халықаралық байқауына«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері әскери қызметшілерінен қатысады. Қазақстанның әскери автомобильшілеріне Ресей, Мысыр және Венесуэланың командаларымен бақ сынасуға тура келеді. Әр құраманың құрамына тоғыз адамнан кіреді. Конкурсқа жеңіл және жүк автомобильдері, жартылай тіркемесі бар ер тоқымды тартқыш және жеке оқ ату қаруы тартылды. Командалар сайыста қабылдаушы тарап ұсынатын техниканы қолданатын болады. Байқау тапсырмаларының ішіне шектеулі өтпелер бойынша жүргізу, кедергілер мен қоршауларды еңсеру, жартылай тіркемелерді қозғалту және су бөгеттерін бұзып өту кіреді. «Әскери қызметшілерімізден жаттығуларды дәл орындау талап етіледі. Себебі, байқау шарттарында қатаң ережелер қабылданған. Мәселен, 20 см аса қашықтықта арнайы қабырғаға дәл жақындамағаны, мәреге дейін қозғалуды алдын ала бастағаны, шектегіштерді қозғағаны, кедергілерді бұзып өту кезінде автомобильдің артқа қарай жылжып кеткені және өзге де қателіктер үшін айыппұл салынады», - дейді команда капитаны подполковник Бекнұр Батсаров. Жүргізуден басқа, «Автоброньды техника шеберлері» байқауының қатысушыларына оқ ату даярлығында да өздерінің машықтарын қолдануға, яғни, арнайы шепте әртүрлі нысаналар бойынша және әртүрлі қашықтықтарға оқ атуды жүзеге асыруға тура келеді. «Автоброньды техника шеберлері» халықаралық байқауы Ресей Федерациясы Воронеж облысының Острогожск қаласында өтетінін айта кету қажет. 
«Әскери медициналық эстафета» байқауын өткізу шарттары бойынша қатысушы елдер екі командадан ұсынуы тиіс. Сондықтан іріктелгендердің ішінде бес ер адам және төрт әйел әскери қызметші. Құрама команданың қаңқасын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің әскери қызметшілері құрайды. Мұнда кедергілер жолағынан өту, тапанша мен автоматтан оқ ату, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдысын паш ете отырып, арнайы дайындық бойынша нормативтерді орындау бар. Оның үстіне, байқау жаттығулары күрделі жағдайда орындалуы тиіс. Мәселен, шартты жаралыға медициналық жәрдем көрсету үшін әскери медиктерге шұңқырларды, орларды, үйінділерді, тікенді сымнан жасалған инженерлік қоршаулардағы өтпелерді еңсере отырып, 30 метрлік жерден бауырлап жылжып өтуге тура келеді. Ал алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін 30 метрді жүріп өтіп, жаралыны тасаға алмастыруы тиіс. Өзге командалық жаттығуда шартты жаралы механик-жүргізушіні арнайы иықбаудың көмегімен ұрыс машинасының люгынан алып шығып, зембілмен қауіпсіз жерге жеткізу қажет.

Халықаралық армия ойындарында бұлардан бөлек, «Мерген шебі», «Әскери-медициналық эстафета», «Теңіз десанты», «Тереңдік», «Авиадартс», «Жол патрулі», «Инженерлік формула», «Қауіпсіз орта», «Далалық асхана», «Ашық аспан», «Суворов тегеуріні», «Тәртіп сақшысы», «Достастық жауынгері» т.б сайыстары бар екен айта кетейік.  


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"