Барлаушылардың әнұраны шықты

Әнұран тұңғыш рет «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 44736 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысқан әскери барлау органдарының құрылғанына 98 жыл толуына арналған салтанатты жиында шырқалды.

Гарнизондық офицерлер үйінің сахнасында аға сержант Думан Нұрақов пен сержант Еркебұлан Баймұқышев екі дауыспен қосылып айтқанда жеке құрам тік тұрып, барша барлаушыларға құрмет көрсетті. Барлаушылар әнұраны әскерилердің еңсесін көтеріп, ерекше рухтандырды. Жігерін жаныды.

 

Барлаушылар әнұраны

Сөзін жазған: Бақытжан Байболов, әнін жазған: Тынышкүл Ахай

 

Әрқайсысы қыран құстай қырағы,

Туған елі, туған жері ұраны.

Семсер сүйіп, серт беретін сеніммен

Өз ұлтының ұлтаны мен ұланы!

 

Қайырмасы:

Қайсарлықпен қажымайтын, талмайтын,

Бейбіт елдің болашағын ойлайтын.

Қаймықпастан қарсы тұрып қатерге

Әзиз басын ажалға да байлайтын.

Жыл он екі ай барлаушылар жаттығып,

Туған елдің тыныштығын барлайтын.

 

Қайшылықтар болмасын деп қоғамда,

Сыз өтсе де сыр бермейтін табанға.

Тапсырманы тапжылмастан орындап

Төтеп берген аяз бенен боранға.

Қайырмасы:

 

Өмір-өзен болса да асау ағысы,

Мұқалмаған жігері мен намысы!

Қиналса да көкбөрідей қыңқ етпес

Барлаушылар - туған елдің тағысы!

Қайырмасы:


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"