Бахрейн Корольдігінде Қазақстанның әскери теңізшілері теңіз инфрақұрылымының мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасында екіжақты ынтымақтастық шеңберінде ҚР ҚК ӘТК-нің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов теңіз инфрақұрылымының қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық симпозиумға қатысты.

Бүгінгі таңда теңіз инфрақұрылымы мәселесі өте көкейкесті. Жаһанның көптеген елдері лаңкестердің, қарақшылардың тарапынан қауіп-қатерлерге душар болып отыр. Осы қатерді болдырмау және сауда кемелерінің теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін теңіз компанияларына Әскери-теңіз күштері және жағалық күзетпен тығыз қарым-қатынаста болу қажет. Конференция барысында 30 елдің Әскери-теңіз күштерінің өкілдері, 20-дан аса компания және әскери-теңіз саласындағы 30-дан аса маман осы және өзге де мәселелерді талқылады. Одан басқа, сапар барысында ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы бесінші флоттың қолбасшысы вице-адмирал К. Донеганмен кездесті. Кездесуде ҚР ҚК ӘТК әскери қызметшілерінің АҚШ ӘТК 5-ші флотының корабльдерінде практикадан және тағылымдаман сәтті өтуі, сондай-ақ олардың әртүрлі конференцияларға, форумдар мен симпозиумдарға қатысуы талқыланды. Сонымен қатар, екі елдің әскери қызметшілері АҚШ ӘТК-нің «Proud Lions» корабліне барды. Бүгінгі таңда шетелде ҚР Әскери-теңіз күштерінің болашақ әскери қызметшілері атанатын 50-ден аса қазақстандық курсант білім алып жүргенін айта кетейік.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"