Бірлескен шара

   Семей гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын, оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды жергілікті құқық қорғау органдарына ерікті түрде өткізу бойынша іс-шаралар акциясы аяқталды. Ол Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының анықтау және іздестіру бөлімінің офицерлері және Семей қаласы ішкі істер басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау тобы мамандарының бірігуімен ұйымдастырылды.

Бірлескен іс-шара жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғылардан, оқ-дәрілер мен қару-жарақтардан келетін зардаптардан қорғауды түсіндіру үшін алдын-алу жұмыстарын жүргізуді мақсат етеді. Сондай-ақ, қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды, жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру туралы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-ші, 288-ші, 290-шы, 291-ші баптары талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайда қатаң жаза қолданылатынын түсіндіруді де көздейді. Әскери полиция жасағының анықтау және іздестіру бөлімінің офицерлері және қалалық ІІБ азаматтық және қызметтік қару айналымының бақылау тобы мамандарының біріккен акциясына Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің жеке құрамы тегіс қамтылды. Бірлесе өткізілген іс-шара оң нәтижесін берді.

   Шара барысында Семей қаласының түрлі-түсті металдар қалдықтарын қабылдау пунктерінің қызметкерлеріне жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын, оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды қабылдаған жағдайда елді-мекен тұрғындары мен қоршаған ортаға зиян келтірілетіні, ол Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен қудаланатыны жөнінде де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының жеке құрамы бұл шараны ҚР Заңдарының талаптарына сәйкес, 2016 – 2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі құқық бұзушылықтың алдын-алу мен ескерту, әрі «Әскерде қылмысқа орын жоқ» бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жүзеге асырды.

 

Алуа ИСКАКОВА

Суретті түсірген автор


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"