Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары қазақстандық әскерилерге жоғары баға берді

Ағымдағы жылғы қарашаның 21-і мен 23-і аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілігін ұстап тұру жөнінде Операциялар департаментінің сарапшылары Қазақстан Республикасына консультативтік сапармен келді.

Бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі қазақстандық әскери қызметшілердің операцияларға қатысуға әзірлігін айқындау мақсатында жұмыс сапары аясында БҰҰ-ның сарапшылары «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу-жаттығу орталығы («Қазцент») және «Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының қызметімен танысты.

Сарапшылар жұмысының алдын ала қорытындысы 23 қараша күні Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен кездесу барысында жария етілді. БҰҰ-ның сарапшылары қазақстандық әскери қызметшілердің дайындық деңгейіне жоғары баға беріп, сонымен қатар, бітімгершілік контингентті дайындау жөніндегі Ұйымның жаңа талаптары аясында бірқатар ұсынымдарды белгіледі.

 Қазіргі уақытта ҚР Парламентінің 2013 жылғы қаулысына сәйкес қазақстандық армияның төрт әскери қызметшісі Батыс Сахарасы (MINURSO) мен Кот-д’Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ-ның екі миссиясында қызмет өткеріп жүргендерін айта кеткен жөн. Сонымен бірге, Қарулы Күштердің тоғыз офицері БҰҰ-ның миссияларында қызметтерін атқарып үйлеріне оралды. Олардың төртеуі бітімгершілікке қосқан үлестері үшін марапатқа және миссия қолбасшылығының атынан алғыс хатқа ие болды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"