Білім жолындағы жиырма белес талай сержант пен офицерді түлетті

Әскери білім беру үрдісі жыл сайын жаңа реформалармен толығып, қорғанысымыздың нығаюына қызмет етіп келе жатқанын соңғы жаңалықтар аңғартады. Жуырда ғана Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің: «Әскери білім – жалпы білім ретінде – тұтас ел үшін, оның қарулы күштері мен әскери қызметшілері үшін жаңа бәсекелестік алаңы. Бүгінде ол тек білікті қызмет үшін ғана емес, берік болып күшею үшін қажет. Жылдамдық пен қарқындылық – бұл ХХІ ғасырдағы зияткерлік революциясының ерекшелігі» деуі бекер емес. Биыл құрылғандарына жиырма жыл толған еліміздегі қос оқу орнының да білім саласындағы жетістіктері аз емес. Олардан қанат қаққан түлектер қарулы күштеріміздің мығым болып қалыптасуына күш салып келе жатқаны тағы рас.

Сержант – офицердің сенімді серігі

Әңгімемізді Көкшетау қаласының іргесіндегі Шортандыда орын тепкен Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусынан бастасақ. ҚР Президентінің Жарлығымен 1996 жылы 1 шілдеде ашылған әскери орта арнаулы оқу орны Қазақстан Қарулы Күштеріне сержант лауазымында келісімшарт бойынша қызмет ететін кіші командирлерді даярлайды. Бітірушілер мотоатқыштар әскерінің кіші командирі (сержант-маман) дипломын алып, оған қоса автомобиль және бронетанк техникасын жөндеуші слесарь және дара компьютерлер операторы мамандықтарына ие болады. Сондай-ақ 3-сыныпты жаяу әскер бронды машинасының механик-жүргізушісі және «В», «С» санатындағы жүргізуші куәліктерін алады. Жалпы білім беру базасында оқу мерзімі – екі жыл. Одан басқа, жыл сайын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінде кадеттердің әскери тағылымдамасы өтеді. Олар үшін бұл жаңа практикалық тәжірибе және ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті танып-білудің алғашқы мүмкіндігі болды. Оның үстіне, жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өз қызметін бастауға кіріседі. Әскери тағылымдаманың мерзімі екі айды құрайды. Бұл уақыт аралығында болашақ сержанттарға кадет корпусының қабырғасында алған теориялық және практикалық дағдылары мен машықтарын бекітуге, Қарулы Күштердегі шынайы қызметке дайындалуға, кәсіпқой көшбасшының дағдысын жетілдіруге тура келеді.

Кадет корпусына шәкірт жинау 1996 жылы тамыз айынан басталды, тұңғыш түлектері 1999 жылы 29 шілдеде оқу орнын бітіріп шықты. 2000 жылы 16 ақпандағы Қазақстан Үкіметінің қаулысы және Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде оқу орнына Ш.Уәлиханов есімі берілді. Жиырма жыл ішінде Кадет корпусы әскери білім беру жүйесінде өзінің бағытын берік орнықтырып, кәсіпқой сержанттардың он сегіз шығарылымын жүзеге асырды және қазіргі кезде ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып жүрген 2 500-ден аса кәсіби сержантты түлетіп шығарды. Кәсіпқой сержанттарды даярлауда кадет корпусының басты міндеті олардың кәсібилігі мен құзыреттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. 

 

Жаңа лауазымдар енгізілді

Бүгінгі таңда кадеттік әскери қызметшілер түрлі бөлімдер мен бөлімшелерде Қарулы Күштердің бас сержантынан бастап, бөлімше командирлеріне дейінгі лауазымдарда әскери қызметтерін лайықты атқарып жүр. Жуырда әскери оқу орнында жаңа іріктеу басталады. Кадет корпусында оқуға 17 мен 21 жас аралығындағы жас азаматтар, сондай-ақ 23 жастан аспаған келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер қабылданады. Оқу бағдарламасы бір жыл он ай мерзімге есептелген. Кадеттер бірінші курста өздеріне алдағы қызметте қажетті әскери істің маңызын зерделейді, әскери ант қабылдап, он жылға келісімшарт жасасады. Екінші курста әскери тағылымдамадан өтуге кіріседі. Олар ҚР ҚК әскери бөлімдеріне жіберіліп, ол жерлерде алған теориялық білімдерін іс жүзінде тиімді қолдануға үйренеді, тәжірибе жинақтайды.

Кадет корпусы білікті әскери кадрлар даярлайтын оқу орны ретінде қалыптасқанына қарамастан, әлі де даму, жетілу үстінде. Өткен жылы қосымша оқу циклдері құрылып, сержанттар құрамының бөлім және қызмет сержанты, оқытушы сержант сияқты жаңа лауазымдары енгізілді. Онда темірдей тәртіп пен жоғары әскери білімді талап етеді. Сондықтан, кез келген жас өрен бұл әскери мектепке қабылдана бермейді. Өткен жылы кадет корпусына 700-ден астам үміткер оқуға түсуге ниет білдірген. Алайда, олардың 200-і ғана кадет атана алды.

Мұнда жастар жан жақты шыңдалады. Спортпен шұғылданады, жауынгерлік ұрыс-тәсіл мен түрлі әскери қару-жарақты меңгереді. Мемлекеттік тілден өзге, ағылшын тілін үйренеді. Ең бастысы, қиындыққа төтеп беретін, Отанын қастерлейтін, нағыз қайсар мінезді сарбазды тәрбиелейді. 

 

185 сержант қызметке кірісті

Сенбі күні Ш. Уәлиханов атындағы кадет корпусында түлектердің салтанатты шығарылымы өтті. Биыл 185 бозбала сержанттық иықбелгіге ие болып, ҚР Қарулы Күштерінің сержанттар корпусы қатарына қабылданды. Бұл елеулі оқиға 1-шілдеде оқу орны атап өткен 20 жылдық мерейтоймен тұспа-тұс келді. Үздік кадеттер, оқу озаттары бұл күні ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаровтың қолынан «Алтын белгі» төсбелгісін иемденді. «Кадет корпусының түлегі – ол жоғары кәсіби даярлығы бар, қалыптасқан жауынгерлік жағдайда қалыптан тыс шешім қабылдай алатын, бөлімшеде қару-жарақтың, жауынгерлік даярлық пен тәрбие-идеологиялық жұмыстың шебер қолданылуын ұйымдастыра алатын кіші әскери маман. Бүгінде Сіздердің жеке дайындықтарыңыз, талап қоюшылықтарыңыз, дағдыларыңыз бен шеберліктеріңізбен әскери қызметшілер мен бөлімшелердің жауынгерлік машығы ғана емес, жалпы, қазақстандық армияның жауынгерлік қабілеті тікелей байланысты. Біз Сіздердің ата-бабаларымыздың даңқты әскери дәстүрін жалғастырып, офицерлердің лайықты қолғанаты болатындарыңызға, Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алған білімдеріңізді іс жүзінде пайдаланатындарыңызға кәміл сенімдіміз» деді Қорғаныс министрінің орынбасары түлектерге жылы лебізінде.

Бүгінде кадет корпусын тәмамдаған 185 бозбала қазақстандық армияның әртүрлі бөлімдері мен бөлімшелеріне қызметке бөлініп те қойған. «Мен сержанттық жол бойынша атақтан атаққа қадам баса отырып, нағыз әскери мансап жасағым келеді. Мен оқуды жалғастырып, өзімді жетілдіре түсемін. Кадет корпусы тәртіпке, қиындықтарға төтеп беруге үйретті. Оқытушылар мен командирлер маған көп нәрсе берді. Мен әскери қызметші жауапты, мықты және қайсар болу керек екенін түсіндім» дейді кадет корпусының түлегі Данияр Асылбаев.

Оқу орнының бірінші бастығы, қазіргі кезде ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Орталық командалық пункттің бастығы генерал-майор Жомарт Қуанғалиевтің айтуынша, осы жылдар ішінде оқу орны толықтай негізделіп, барлық үкілеген үмітті ақтап шықты. Және Кадет корпусының қабырғасында сержанттардың кәсіпқойларын дайындау сәтті жалғасын табуда.

 

Ұшқыштардың үлкен мектебі

Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты әскери авиациялық мамандарды дайындайтын білім ошағы ретінде құрылған жиырма жыл ішінде 2000-ға жуық офицерге диплом тапсырды. Мемлекетіміздің құрылуы кезінде әскери авиаторларды дайындау Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшу училищесінің базасында басталды. 1994 жылы училищенің жанында ӘӘК-нің әскери факультеті құрылып, курсанттардың алғашқы іріктелуі жүзеге асырылған. 1996 жылы ұшу училищесі Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесі болып қайта құрылды. Осы уақыттан бастап оқу орнында тек әскери мамандарды дайындауға баса мән берілді.

Қазақстан Қарулы Күштерінің авиациясына авиациялық мамандардың барлық спектрі қажет болуына байланысты, тек ұшқыштарды дайындайтын бұрынғы оқу орнымен салыстырғанда АВӘАУ-да мамандарды даярлау бірден 8, яғни, 4 инженерлік, 4 ұшу мамандығы бойынша дайындауды бастады. Офицерлердің алғашқы шығарылымы 1998 жылдың 22 тамызында өтті. Оған Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

2003 жылы училище Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты болып қайта аталды. Әскери оқу орнының құрылуының 20 жылы ішінде ұшқыш нұсқаушылар «Як-18Т», «Ан-2», «Ми-8», «Л-39», «Ан-26», «Ес-145» сияқты әуе кемелерін игеріп, өздерінің пилотаждау тәжірибесімен бөлісе бастады. ЖОО-ның біршама түлегі әскери бөлімдерде авиациялық техниканың заманауи үлгілерін меңгерді. Олар әртүрлі елдердің Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің халықаралық жарыстарында авиациялық өнер көрсетуде еліміздің намысын лайықты түрде қорғауда.

2012 жылы ӘҚК Әскери институты әскери-көліктік авиация мамандығына курсанттардың алғашқы іріктелуін жүргізді. Оқу үдерісін іске асыру мақсатында Әскери институттың иелігіне екі көліктік ұшақ берілді. Оқу орнының материалдық базасы да жетілдірілуде. Әскери институт оқу-жаттықтыру ұшағының жаңа үлгісін алу және меңгеру кезеңінде тұрғанын, ал жеке құрам қойылған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауды көздеп отырғанын айта кетейік. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"