Азамат десе – азамат

Қыркүйек айының 9 -на қараған түнгі сағат екілер шамасында қаладан келе жатқан 44813 әскери бөлімінің сержанты, 2 сыныпты сержант Азамат Абақанов Ақмол ауылы Элеваторная 17 көшесіндегі лапылдап жанған  өртті көреді.

 Өрт сөн­ді­рушілерді күтпей-ақ асы­ғыс көмекке ұмтылады. Өйт­кені уақыт тар. Өртенген үйде адам болса, көмек қолын созу қажет деген ой оның бойын шы­мырлатты. Ол арасында 112 номеріне қоңырау шалып, өрт сөндіру қызметін шақырады.Сөйтіп өрт сөндіру құрамасы келгенше үй ішіндегі адамдарды құтқару іс-шараларымен айналысып кетеді. Үй иесі бұл уақытта тосыннан келген тілсіз жаудан есі шығып, жүгіріп үйге бір кіріп, бір шығып жүреді. Осы уақытта үйдің ішінде әйелі мен кішкентай 2 жастағы Даниал атты бала болған. Ол есік­­тен ішке еніп, түтін тұм­ша­ланған бөлмелерді аралап шығып, адамдардың бар-жоғын тексере бастайды. Жату бөлмесінде ұйықтап жатқан шешесі мен кішкентай баланы көріп, баланы өз қолымен көтеріп алып, нәрестенің басына орамал жауып далаға алып шығады. Қайтып келіп баланың анасын далаға алып шығады. Ас үйге кірген жалындаған отқа қарамастан, газ баллонды алып, сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге қояды. Тек осы уақытта ғана Целиноград ауданы Ақмол ауылының 22-ші өрт сөндіру бөлімі өрт сөндірушілері майор Ахметхан Байзаковтың басшылығымен 2 жауынгерлік есептоп оқиға орнына келіп, өрт сөндіру амалдарына кіріседі. Бұл жағдай 5 минут ішінде орын алған еді. 4 минуттың ішінде ас үй толығымен жанып кетеді. Үй иесі Яхин Таир мен әйелі Гүлсім ертесіне есін жинаған соң, сержант Азамат Абақановқа алғысын айтып, басшылыққа сіздің атыңызға алғыс жолдайық деп сұрайды. Алайда, жасаған жақсылығын парызға балаған Азамат Абаканов «Менің жасағаным ба­тыр­лық емес қой. Әскери, жалпы қай саладағы адам болсын, ма­ңыз­ды емес. Бастысы, қиын жағ­дайда қол ұшын созу парызың деп ойлаймын..» деп жауап берген екен. 44813 әскери бөлімінің командирі подполковник Б.Молдакұловтан алғыс алған азаматқа Целиноград ауданы Ақмол ауылының сөндіру бөлімінің атынан да сый-сияпат көр­сетілмек.

 

                                                                               Майор Нұржан Сыздықов

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"