«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жиыны жас өрендердің жігерін жаныды

Азат елдің айбыны да, қорғаны да – Қарулы Күштерінде. Жыл сайын олардың шеберліктерін шыңдап, жетілдіріп отыру – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Осыған орай, ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны болып өтті.

Аталмыш жиын республика көлемінде жыл сайын өткізіліп келеді.  Ондағы мақсат – әскери қызметті насихаттау ғана емес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, әртүрлі елдердің жас армияшылары бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Биылғы бір ерекшелік – аталған әскери-патриоттық жиын алғаш рет Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Мұнда Ресей Федерациясының командалары және жиын бақылаушысы ретінде Өзбекстаннан арнайы шақыртылған қонақтар қатыс­ты.

Қарағанды төсіндегі халықара­лық жиында 600-ден аса жасөспірім өнер­лерін ортаға салды. Олардың қатарында республика өңірлеріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Астана, Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, Павлодар қаласындағы әскери мектеп-интернаттың, Семей қаласындағы мамандандырылған «Жас ұлан» ер балалар мектебінің тәрбиеленушілері және Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет училищесінің тәрбиеленушілері бар.

Төрт күнге созылған жиынның салтанатты жабылу рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев келіп қатысты. – «Сендердің бәрің де жиын шеңберінде өткізілген жарыстарға белсенді түрде қатысып, күш сынастыңдар. Сол арқылы өздеріңнің білімдеріңді, жетістіктеріңді паш еттіңдер. Бәрің де жаңа достар таптыңдар. Жеңістің тәтті дәмін тарта отырып, өздеріңнің күш-жігерлеріңді сынадыңдар. Биыл «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының пішіні өзгерді. Жиынға Ресей Федерациясы Орынбор Президенттік кадеттік училищесінің тәрбиеленушілері қатысып отыр, – дей келе, Қорғаныс министрлігінің басшылығы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне жастарды интернационалдық келісім мен өзара құрмет, халықаралық және ұлтаралық достық рухында тәрбиелеудегі біріккен белсенді жұмысы үшін ризшылығын білдіріп, алғысын жеткізді. Осы жиында бірыңғай үнқатысу алаңы және әскери-патриоттық жұмыстардың орталығы болатын «Жас сарбаз» Республикалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысын құрудың негізін қаладық», – деді генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.

Іс-шара қорытындысы бойынша әскери-патриоттық клубтар арасында Алматы облысының «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубы бірінші орынды бағындырып, жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының «Жас қыран» әскери-патриоттық клубы еншілесе, үшінші орынды Астана қаласының «Бүркіт» әскери-патриоттық клубы иеленді. Мамандандырылған әскери мектеп-интернаттар арасында Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (Алматы қ.) бірінші, Талғат Бигелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (Қарағанды қ.) екінші, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі (Астана қ.) үшінші орынды иеленді. Әскери-далалық тактикалық ойындардың жалпы есебі бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі абсолюттік жеңімпаз атанды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"