«Айбын» жиынына қатысушыларды зияткерлік байқаулар мен әскерилендірілген ойындар күтуде

«Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылардың бүгінгі күні таңғы 6-да тұрудан және таза ауада дене шынықтыратын жаттығуларын жасаудан басталды. Өздерін әскери қызметші ретінде көргісі келетін 800-ден аса қыз-жігіт үшін бұл болашақ кәсіпке дайындалудың таптырмас мүмкіндігі.

Жиында жастармен жұмыс жасап жүрген әскери қызметшілер бұндай тәртіп жауынгерлерді шынықтырады деп атап өтті. Жастар дене даярлығы мен жауынгерлік даярлық сабақтарына бүгін дайындалуға тиіс. Қыз-жігіттер күннің дәл осылай басталуы адамға сергектік, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды және күні бойы қуатты болып жүруге үлкен күш беретіндігін құптайды. Апта бойы олар күш пен төзімділікті, зерделілік пен теориялық білімдерін көрсетуде күрделі сынақтарды игеруге тура келетінін айта кеткен жөн. Жиын барысында әскери қолданбалы спорт түрінен және жауынгерлік даярлық пәнінен, әскерилендірілген ойындарыдан, сондай-ақ зияткерлік байқауларынан және басқа да сайыстар өтеді. Бұдан өзге, «Айбын-2016» әскери-патриоттық жиынын өткізу аясында «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ «Менің роботым» байқауын өткізді. Аталған байқауда 30 түрлі робот, атап айтқанда, мина іздеуші роботтан бастап, ұшқышсыз ұшу аппараттарына барлаушыларды, әскери-әуе барлауына арналған квадрокоптерлерді көрсетті. Бүгінде қызмет атқарушы роботтар жан-жақты дамуда, олар өз бетінше қозғалып қана қоймай, баспалдаққа шығуға, қауіпті жүктерді табуға және оларды тасымалдауға, сондай-ақ төтенше жағдайларда адамдарды іздеп, құтқару жұмыстарына қатысуға қабілетті.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"