«Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылар қазақ қызметшілердің жауынгерлік даярлық бағдарламасынан өтті

«Спасск» полигонында өтіп жатқан «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылар қазақстандық десантшылар сияқты жаңа АРД кедергі жолақтарынан өтті. Автоматты бөлшектеу және жинастыру, газтұмылдырық пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию, сымнан жасалған қоршаудан өту – осылардың барлығы бүгін қыз-жігіттер өткен сынақтары бірнешеуі ғана.

 Аталған әскерилендірілген эстафетаның күрделілігі кедергі жолағында кездесетін бірнеше қиыншылықтарды игеруде болды. Жігіттер жаралы қаруластарын ұрыс даласынан алып өтуі, радиостанцияны ретке келтіріп, байланысқа шығуы, гранат лақтыруды орындауы, соныман қоса пневматикалық мылтықтан атуы қажет. Кедергілер жолағында ойынға деген нағыз қызығушылық артты.  Кейде қатысушылар команданың жеңісі мен өзінің әскери мектебі, клубы немесе кафедрасы үшін соңғы күш-қуатын аямай кедергілерден өтуді жалғастырып жатқандай көрінді.  «Бұл жерге екінші рет келдім. Көптеген құнды білім мен тәжірибе берген өткен жылғы жиын ерекше әсер қалдырды. Биыл командалардан жинақылық, сондай-ақ дайындық деңгейінің әлдеқайда артқанын байқадым. Қыз-жігіттердің барлығы бұл жерге не мақсатпен келгенін жақсы түсінеді. Болашақта әскери ұшқыш болуды алдыма мақсат  еттім. Мектептен кейін әскери оқу орнына түскім келеді», - деп Астана қаласындағы «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Нартай Нұрланұлы өз әсерімен бөлісті. Арқанға өрмелеу жарысы да бүгін өткенін айта кеткен жөн. Бұл жарыста арадағы нәтижелер бойынша көшбастаған Алматы қаласындағы «Жас ұлан» әскери мектебінің тәрбиеленушілері болды.  Спорт комитеті – ҚР ҚМ АОСК бастығы Айталап Құрғамбаев атап өткендей, дене даярлығы дәл бүгінгі күні әскери оқу орнына және армияға қызмет өткеруге дайындалатындар үшін аса маңызды, бұдан өзге, жастардың бойында өзін-өзі жетілдіруге деген ынта болуы керек. «Айбын» екінші әскери-патриоттық жиынында спорт бағдарламаларында өзгерістер болды. Былтырғы жылы спорттың бес түрі болса, биыл үш түріне дейін қысқартылды. Бұл жылы команданың барлық мүшелерінің әр спорт кезеңіне қатысуына ерекше назар аударылды.  Аталған өзгерістер командалық рухтың болуы үшін және әр қатысушы жеңіске деген жауапкершілікті сезіну үшін енгізілді. Жас жауынгерлер өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінгені, сондай-ақ әр қатысушы жақсы деңгейде дайындалғаны байқалады», - деді ол. Естеріңізге сала кетсек, дәл қазіргі уақыт Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Айбын» екінші әскери-патриоттық жиынының қызған шағы. Бұл жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 800-ден аса қыз-жігіт қатысуда. Алда оларды жиынның қызыққа толы үш күні мен бұдан да маңызды сынақтар күтуде.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"