«Айбын» әскери-патриоттық жиыны Қазақстанның жастарын біріктірмек

Астана қаласының 20 жылдығына орай Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында 2018 жылғы шілденің 16-ы мен 21-і аралығында жыл сайынғы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу жоспарлануда.

Әскери-патриоттық жиынға әскери-патриоттық клубтардың 600-ден аса тәрбиеленушісі, еліміздің түкпір-түкіпіріндегі облыстық (қалалық) әскери-патриоттық жиындардың жеңімпаздары, Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері, «Жас ұлан» республикалық мектептері мен облыстық әскери мектеп-интернаттары жанында құрылған әскери-патриоттық клубтар қатысады.  Осы жиынның ерекшелігі Қарулы Күштердің, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері мен мекемелері жанында құрылған әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерінің қатысуы. Жастар слетінің өткізілуі барысында спорттың әскери-қолданбалы түрлері және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сайыстарды, «Голосящий Айбын» мега арт-фестивалін өткізу жоспарлануда, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жеңімпаздарымен кездесу көзделген. Сондай-ақ қатысушыларды «Айбын» жалыны» алауының маңында қызыққа толы кеш, «Ұлы дала әскері – «Мәңгілік ел» тірегі!» Қарулы Күштер түрлерінің өкілдерімен интерактивті кездесу және  «Айбын – достық мекені» саяжолдың ашылуына қатысу күтіп тұр. Одан басқа, «Менің роботым» байқауы және «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны өткізіледі. Іс-шараның салтанатты ашылуы ағымдағы жылғы 17 шілдеде өтеді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"