Ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізді

Ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізді

Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаментінің өкілдері жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесе кәсіби сапқа еліміздің үздік жастарын тарту мақсатында әскери оқу орындарына оқуға түсу және әскери мамандықтарға оқыту жөніндегі ауқымды түсіндіру жұмысын ұйымдастырды.                

Түсіндіру барысында жалпы білім беру орта мектептері бітіруші сыныптарының оқушыларына түсіндіру барысында әскери оқу орындары, оқуға түсу және онда білім алу туралы толыққанды ақпарат жеткізілді, үгіт-насихат бейнероликтерін қарау ұйымдастырылды, сондай-ақ қызығушылық білдірген адамдармен әңгімелесулер өткізілді. Ағымдағы жылы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсуге жастарды тарту бойынша насихаттау-имидждік жұмыс ора жалпы білім беру мектептерінің 11000-нан аса бітіруші сыныптарын қамти отырып, барлық дерлік облыстарда ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта әскери ведомствоның иелігінде 3 жоғары әскери оқу орны жұмыс жасауда. Ол төрт жылдық оқу мерзімімен Құрлық әскерлерінің Әскери институты, бес жылдық оқу мерзімімен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты және төрт жылдық оқу мерзімімен Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты. Аталмыш әскери оқу орындары Қазақстан армиясы үшін жоғары білікті офицерлік кадрлардың негізгі ұстаханалары болып табылады. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи