Ауған соғысында 22 мың қазақстандық әскери міндеттерін атқарған

Жуырда 30228 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ауған соғысының ардагері Едіге Деменовпен кездесу өткізді.

Соғыстың аяқталғанына 27 жыл толуына байланысты 30238 әскери бөлімінің атынан құттықтап, бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары бастаған әскери қызметшілер Ауғанстан зардабын өз көзімен көріп, өзінің азаматтық борышын Ауған жерінде өтеген Едіге Тоқтамысұлының үйіне барды. Құшақ жая қарсы алған ардагер әлемде мұндай соғыстың енді қайталанбауын, әр отбасындағы әкелер, бауырлар кейінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруіне қызмет еткенін айта келе, ауған соғысының зардабы мен келтірген орасан шығынын тілге тиек етті.

«1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейінгі 9 жыл, 1 ай, 19 күнге созылған ауыр кезеңде КСРО Қорғаныс министрлігі Бас штабының деректері бойынша кеңестік 620 мыңға жуық адам соғысқа тартылса, оның 22 мыңы қазақстандық әскери болған екен. Жарақат пен аурудан қаза тапқан 15 526 адам болса, оның 924-і – қазақ балалары. Хабар-ошарсыз кеткен және тұтқынға түскен 333 адамның 21-і қазақстандық. Қазақ даласынан аттанған әскери қызметкерлердің ішінде 86 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанып, қалғандары денсаулығы мен жүйкесіне орасан нұқсан келтіріп оралды», - деді ол.

Сондай-ақ, соғыс жылдарындағы естеліктері мен суреттері және омырауындағы сылдырлаған медальдарын көрсетіп, сол қасіретті соғыстың зардаптарын есіне бір алып, оны да әңгімелеп берді. Ағамыздың әңгімесін тыңдаған біздер де жан жарасына айналған Ауғанстан естеліктерінен біраз жайттарды ойымызға түйдік. Ардагер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында 30238 әскери бөлімінде қызмет атқаратын өзінің тұнғышы Ерғалидың әке ізін қуып, әскери қызмет атқарып жүргенін және баласының Қапшағай қаласындағы Аэроұтқыр әскерлерінің қатарында азаматтық борышын өтегенін мақтанышпен айтты. Мемлекетіміздің Ауған ардагерлерін ұмытпай барынша қамқор болып, сонымен қатар 30238 әскери бөлімінің басшылығына да осындай қуанышты да қасіретті күнде құттықтап, құрмет көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді. 

                                                                                                        Майор, Б. Құлия

                                                                                                       30238 әскери бөлімі

                                                                                                     ,

                                                                                                                                                                                                                                                        



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"