Атырауда әскерге шақыру науқаны басталды


         2019 жылдың күзінде ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына Атырау облысынан 1992-2001 жылдары туылған 700-ге жуық азаматтарды шақыру жоспарланған.

           

         Әскерге шақырылушылар Отан алдындағы өз борышын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясында және ҚР ҰҚК Шекара қызметінде өтейтін болады.

        
Әскери бөлімдерді жасақтау территориялық және экстерриториалдық қағидат бойынша жүзеге асырылады, яғни әскерге шақырылушылар еліміздің бір аймағынан екінші аймаққа қызмет етуге жіберіледі. Әскери командалар үшін әскерге шақырылушыларды іріктеу және бөлу кезінде олардың шақыруға дейінгі алған мамандықтары ескерілетін болады.
            Дәстүр бойынша Қарулы Күштеріміздің әскери бөлімдеріне жіберілмес бұрын болашақ Отан қорғаушылар жергілікті әскери басқару органдарының аймақтық жиынтық пункттерінде әскери киіммен қамтамасыз етіледі. Әскери бөлімдерге жас толықтыруларды орналастыру теміржолмен де, әуе көлігімен де жүзеге асырылады.
            Әскерге шақырушылардың ата-аналарымен сұхбаттасу барысында олар көптеген түйткілді ойларын ортаға салып, балаларының азамат болғанын, батыр ағаларындай елін, жерін қорғауға, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанатындығын мақтанышпен айтуда. Ата-ананы бала тағдыры ойлантпай қоймайды, дегенмен де алыс сапарға аттандырып тұрып болашақ Отан қорғаушыларға өсиетті сөздермен оларды мақтан тұтып күтетіндігін айтуда.
            2019 жылғы күзгі шақыру ерекшеліктері әскери қызметке шақырылған азаматтардың санының артуы, денсаулық жағдайына, білім деңгейіне, азаматтардың моральдық-психологиялық тұрақтылығына қойылатын талаптардың артуы болып табылады.
            «Өтініш берушілердің көп болуына байланысты жыл сайын әскери қызметшілерге, үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Таңдау жүйесі бірнеше параметрлерді қамтиды: медициналық көрсеткіштер, білім деңгейі, психологиялық және моральдық тұрақтылық. Әскерге шақырылушылар қатарына тек үздіктер кіреді», - деді Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Батырхан Ақбалиев.
           Айта кетейік, бүгінде жастар әскери борышын өтегеннен кейін әскери қызметті әрі қарай жалғастыруға ниет білдіруде. «Мен әрқашан әскери адам болғым келген, сондықтан мен аудандық қорғаныс істері бөліміне келдім, медициналық комиссиядан өтіп, әскерге аттануға дайынмын.

Келісімшарт бойынша әскери қызметтен кейін әскерде қалуды жоспарлап отырмын. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің ең беделдісі және құрметтісі   әскери қызмет деп білемін», - деп өз пікірін білдірді Атырау облысы Индер ауданының шақырылушысы Елдос Сайлауов.
            Әскери қызметті аяқтағаннан әрбір шақырылушы келісімшарт бойынша қызмет етуді жалғастыруға құқылы. Әскери қызметті жалғастыра отырып, әскери қызметкер мынадай әлеуметтік қолдау алады: тұрғын үй, өзі және отбасы мүшелері үшін ақысыз медициналық қызметтер, сондай-ақ мектеп пен балабақшадағы балаларды кезексіз орналастыру мүмкіндігі.
            Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың қатарына іріктеу және қабылдау ашық және кез келген ниет білдірушіге ашық. Кандидаттар мен отбасы мүшелері облыстың барлық қалалары мен аудандарында орналасқан қорғаныс істері жөніндегі департаменттері мен бөлімдерінің шақырту комиссияларынан кеңестер алуға мүмкіндігі бар.
            Биылғы жылдың алғашқы атыраулық командасы Ақтау қаласы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөліміне аттанды.
            Былтырғы күзде шақырылғандардың ішінде 8 бала Ақтау қаласы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастырып келеді.
Майор Урбайза Абитова,
Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті
баспасөз қызметінің бастығы

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"