Аттестациялаудың екінші кезеңі

Аттестациялаудың екінші кезеңі


   ҚР Қорғаныс Министрінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 24-ші бұйрығының талабына сәйкес, Семей өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының келісім шарттағы әскери қызметшілерін аттестациялаудың екінші кезеңі жоспарлы түрде жүргізілуде.

Жасақтың сарбаздар мен сержанттар құрамының 60 проценті қамтылған аттестация барысында әскери қызметшілердің 10 проценті жоғарғы лауазымға ұсынылса, 90 проценті аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша кадрлық резервке қосылды. Аттестацияға тартылған әскери қызметшілерге қойылатын талаптар әдістемелік ұсыныстардың негізінде жан-жақты және әділ бағалау, атқаратын әскери лауазымдарына сәйкестігін және оны келешекте қызметте пайдалануды анықтау мақсатында жүргізілді. Оларды ұсынатын бөлім (бөлімше) бастықтарының берген мінездемелері, жауынгерлік әзірліктегі жетістіктері, әскери тәртібі мен моральдық психологиялық жағдайлары шара барысында ескерілетіні алдын-ала әскери қызметшілерге жеткізілді. Сондай-ақ, қоғамдық жұмысқа араласу нәтижелері де назарға алынды. Үш жылда бір рет өткізілетін аттестацияның әскери қызметшілердің болашағына үлкен талпыныс, тәжірибелік біліктіліктерін арттыруға зор септігін тигізетіні де сенім білдірілді. Жасақ бастығының бұйрығымен бекітілген Шығыс өңірлік әскери полиция органдарының сержанттар мен сарбаздар құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді аттестаттау комиссиясының мүшелері жақсы дайындықты атап өтіп, жоғары бағасын берді.   

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи