ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Ата заң – мемлекеттің негізі

Ата заң – мемлекеттің негізі

Қазақстанның әлеуметтік-саяси тұрғыдан тұрақты мемлекеттер қатарында болып, халықаралық аренада орын алуының көптеген себептері бар. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – тәуелсіз елдің Конституциясының қабылдануы.

Негізінде, конституция атауы латынның “құрылым” деген сөзінен шыққан. Энциклопедиялық мағлұматтарға сүйенсек, оған мынандай анықтама берілген: “Конституция мемлекеттің құрылымын, қоғамдық түрін анықтайтын, билікті уәкіл етуші органдардың қалыптасу тәртібі мен қағидаларын, сайлау, сайлану жүйесін, азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтарын айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы болып есептеледі”.

Биыл тәуелсіз Қазақстанның Конституциясының қабылданғанына 22 жыл толады. Еліміздің қазіргі қолданыстағы конституциясынан бұрын, яғни Қазақстан кеңестер одағының құрамында болған кезінде де, біздер 3 рет конституция қабылдаған болатынбыз. Бұл болса, Қазақстан Республикасында конституцияны өзгерту, ауыстыру тәжірибесінің бар екенін көрсетеді.

Кеңестер одағы 1991 жылдың соңына қарай ыдырап, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Егеменді ел болған Қазақстан өзінің алғашқы конституциясын 1993 жылы қабылдады. Бұл конституцияны өзінің болмысы жағынан жаңа мен ескі саяси жүйе арасында үйлесімдік құрудың бір түрі деуге болады. 1993 жылғы конституция бойынша Қазақстанды Республика деп жариялағанмен, оның президенттік пе, әлде парламенттік пе, нақты қандай ел болатындығы айтылмаған. Дегенмен, Қазақстанда президенттік әрі парламенттік республиканың белгілері болатын. Мысалы, халықтың атынан сөз сөйлеу тек Жоғарғы Кеңес пен Президентке тиесілі болды. Жоғарғы Кеңестегі депутаттардың 2/3 дауыс берсе, халық тарапынан сайланған Президент пен вице-президентті отставкаға жіберетін бап болды.

Парламент туралы: 1995 жылғы конституцияның негізінде Жоғарғы Кеңестің орнына алғаш рет 2 палаталы (Жоғарғы-сенат және төменгі-мәжіліс) Парламент осы жылы желтоқсанда сайланды. Парламенттің өкілеттігі қысқартылды. Парламент  Президентке импичментті Отанға сатқындық жасаған жағдайда ғана жариялай алатын болды. Айта кететін нәрсе “Парламент” ұғымы алғаш рет ресми түрде 1995 жылғы тамыздың 30-нда бүкіл халықтық референдуммен бекітілді.

Конституциялық кеңес туралы: 1993 жылғы конституция бойынша конституциялық сот бақылау органы болып есептелді. Ал 1995 жылғы Конституция бойынша Конституциялық сот Конституциялық кеңеске айналды. 1995 жылғы Конституцияны ерекшелендіріп тұратын тағы бір нәрсе, ол елдегі нақты жағдайға және қоғамның жаңа жағдайға байланысты әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани адамгершілік құндылықтарының дамуына орай қабылдануында болып тұр. Бұл Конституцияда бұрынғы Конституцияда болған саяси, экономикалық және тағы басқадай құқық түрлері болмады. Еңбек ету құқығы, еңбек ету еркіндігі құқығымен алмастырылды. Қоғамның экономикалық дамуына тәуелді болмаған адам құқықтары жеке дара атап көрсетілді.

1995 жылғы Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айрықша ерекшелендіріп тұратын мәселелердің бірі бұл жерге деген жеке меншіктің қалыптасуы болды. Дегенмен де жер қойнауы, өзен-сулар, өсімдік және жануарлар әлемі, мемлекеттің меншігі болып қала берді. Қазақстанның Конституциясындағы осындай өзгерістер сөссіз әлемдік державалардың назарын аударды. АҚШ-тың Қазақстанға өз инвестицияларын бағыттай бастауы да, жаңа Конституцияның қабылдануынан кейін болуы да кездейсоқтық деп ойламаймыз.

Ал 1995 жылғы конституция жаңа жүйеге лайықтап жасалып, Қазақстанның унитарлы мемлекет екені атап көрсетілген. Вице-президенттік лауазым Қазақстанда  1993-1995 жылдар аралығында болған. Бүгінгі қолданыстағы Конституцияда бұл лауазым қарастырылмаған.

Президент туралы: 1993 жылғы конституция бойынша бір тұлға Президенттік тақта екі мерзімнен артық отыруға болмайды. Бұл бойынша 65 және одан жоғарғы жаста болғандар өзінің кондидатурасын Президенттікке ұсына алмайды. Ал бүгінгі Конституцияда (1998 жылғы енгізілген түзетулер нәтижесінде) бірінші Президентке койылатын барлық шектеулер алынып тасталған. 1993 жылғы Конституцияда Жоғарғы Кеңеске биліктің әлде қайда көп тізгіні берілген болатын. Бұл сырт көзге билік құрылымдары арасындағы тепе-теңдікті, бір-бірін тежеуге мүмкіншілдік бергендіктен, демократиялық жүйенің болғанын көрсетеді. Кейбір саясаттанушылардың айтуы бойынша, 1993 жылғы Конституцияда 1995 жылға қарағанда әлде қайда демократиялы болатын. Бірақ бұл демократия Украинадағы секілді Президент пен Рада арасындағы күрес-тартысқа себеп болар еді. Ал бұл өз кезегінде Қазақстанның тұрақты дамуына кедергі келтірері сөссіз.

Былайша айтқанда, 1993 жылғы Конституция Президенттік басқаруға өту үшін өтпелі кезең міндетін атқарды. Ал 1995 жылғы Конституция Президенттік-Парламенттік Республикадан унитарлы Президенттік демократиялы республикаға өтуді заңдастырды. Вице-Президенттік жойылып, орнына мемлекеттік хатшы лауазымы бекітілді. Сөйтіп, жаңа Конституция Қазақстанды Президенттік Республика деп жариялады. Сонымен қатар, 1995 жылы жүргізілген референдум арқылы Президенттің өкілеттілігі 2000 жылға дейін созылды. Ал 1998 жылы Парламент Президенттік өкілеттілік мерзімін 7 жылға дейін созуға ұсыныс жасады.

1995 жылы қабылданған Конституция және референдум арқылы Президенттің өкілеттігін күшейткен Нұрсұлтан Назарбаев осындай іс-шаралар арқылы батыс әлеміне Қазақстанда инвестиция құюға және оған тиісті кепілдік бере алатын жауапты тұлғаның бар екенін білдірді. Шындығын айтсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл әрекеті Франция Президенті болған Шарль Де Голльдің Парламенттен Президенттің өкілеттігін арттыруды талап етуі мен теңеуге болады.  Кезінде Шарль Де Голль болса, Францияны ауыр дағдарыстан алып шығудың бір ғана жолы бар, ол Президенттің өкілеттігін арттыру деп білген болатын. Назарбаев та сол Шарль Де Голль сияқты әрекет етіп, Қазақстанды дағдарыстан шығарып ғана қоймай, шетелдік инвесторларды елге тарта бастады. Сол кездегі экономикалық дағдарыстың өзін кішігірім соғыспен теңеуге болатын. 90-жылдары Қазақстан  тоналған, өндіріс орындары мен кәсіпорындары қираған, ұрлық-қарлық, ұйымдасқан қылмыс, мафия қолынан қаза болғандар мен көшіп кетушілердің көбеюі.

Міне, осындай жағдайда Қазақстанға демократиядан бұрын, темірдей тәртіп пен жауапкершілікті оз мойнына алатын жігерлі басшы қажет болатын. Ол тұлғаның іс-әрекетін заңдастыру үшін қажетті заңнама мен ресми бір қатар іс-шараларды жүзеге асыру керек болатын. Ал шетелдік инвесторлар үшін ең бастысы инвестицияға кепілдік беретін, нақты бір жауапты тұлғамен тіл табысу әлде қайда тиімді болатын. Қазақстанда болған осындай өзгерістер Орта Азиядағы елдерге де ықпалын тигізіп, Батыстықтардың аймаққа келуіне жол ашты. Бүгінгі Конституциямыздың кемелдену жолдары осылай өткен болатын.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах