Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әскери-мемориалдық комитеттің отырысы өтті

ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әскери-мемориалдық комитеттің кезекті отырысы өтті.

ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әскери-мемориалдық комитет 2008 жылғы 15 қазанда Қорғаныс министрлерінің шешімімен құрылған. Комитеттің негізгі тапсырмалары әскери-мемориалдық жұмыстар мен іздестіру шаралары саласын үйлестіру, Отан қорғаушыларын мәңгілік есте қалдыру туралы мемлекетаралық келісімдер жобасын әзірлеу мен келісу, атқарылған іс-шаралар мен бірлескен әскери-мемориалдық жұмыстар туралы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар ету болып табылады.
«Әскери-патриоттық бағыттағы бірде-бір шара өткен жүз жылдықтағы ерліктер мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңызын айналып өткен емес. Біз өткен ұрпақтың батырлары туралы естеліктерді іздестіру жұмыстары арқылы белгісіз солдаттар жерленген жерлер мен ұрыс даласында қаза тапқан тағдырларды анықтау бойынша бастамаларды әрдайым қолдаймыз», - деп атап өтті ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Қайсар Мұғалов.
Кездесудің қорытындысы бойынша қатысушылар әскери-мемориалдық жұмыстарды одан әрі жетілдіру және үйлестіру, сондай-ақ 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дайындық туралы хаттамаға қол қойды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"