Астанада тәрбие құрылымдарының офицерлеріне құрмет көрсетілді

Тәрбие жұмыстары органдарының құрылған күніне орай Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты жиналыс өтті. Осыдан 24 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президенті – Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысының № 1084 Жарлығымен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирлер орынбасарларының институты құрылды.

Мерекелі іс-шара аясында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов үздік офицерлерді – ҚР ҚК тәрбие жұмыстары органдарының ардагерлерін, ҚР ҚК тәрбие және идеология жұмыстары бойынша командирлердің орынбасарларын жұбайларымен қабылдады. «Офицердің жары ретінде бүгінгі мадақтау мен үшін – жоғары құрмет.

Бірінші рет жолдасымның сіңірген еңбегі үшін мені марапаттады. Бұл сезіммен, әрі моральдық тұрғыда қолдау тапқан әскери қызметшінің әскери ортадағы ролін және отбасының маңыздылығын арттырады. Әскерилердің отбасылық қарым-қатынастарының тұрақтылығы, арқа сүйер сенімді қорған ретінде мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін толығымен нығайтуға ықпал етеді», - деп подполковник Ержан Османовтың жұбайы Әсем Османова атап өтті. Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлар институтының құрылу тарихы Қарулы Күштердің құрылуымен тікелей байланысты.

 Салтанатты жиылыс барысында қазақстандық армияның дамуына және қалыптасуына зор үлесін қосқаны үшін, ұрпақ сабақтастығын көрсету мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді. «Әскер қатарынан кеткендердің көбі әлі күнге дейін жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу ісінде жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын білуге тиіспіз. Біз – Қарулы Күштердің ардагерлері Қорғаныс министрлігі басшылығының арқасында, офицерлік корпус тарапынан өзімізге деген қамқорлық пен ілтипаттарыңызға алғысымызды білдіре отырып, әсіресе, жастарға жылдар бойы жинақталған тәжірибені беру үшін әлі де қоғамға қажет екенімізді сеземіз. Болашаққа дара жол салатын ұрпақтар сабақтастығының мәні осында», - деп запастағы генерал-майор Айтқали Есенғұлов атап өтті. Қазіргі уақытта Қарулы Күштердің дамуына орай идеологиялық жұмыстарды жетілдіру қажеттілігі артты.

Сонымен, Қорғаныс министрінің бастамасы бойынша тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарының құрылымына өзгеріс енгізілді. Қарулы Күштердегі ардагерлердің өзектілігі мен зор мүмкіндігін ескере отырып ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің құрамынан ардагерлермен жұмыс жөнінде бөлім ашылды. Бұдан өзге, Қарулы Күштердегі психологиялық және әлеуметтік жұмыстарды жақсарту мақсатында батальон және бригада психологтарының лауазымдары, ал идеологиялық жұмыстарды арттыру үшін идеологиялық және арнайы насихаттау жұмыстары жөнінде офицерлер лауазымдары енгізілді. Әскери басқару органдарында, әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс жөнінде лауазымдар енгізілетін болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"