Астанада ҚР Қорғаныс министрі мен Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының кездесуі өтті

Бүгін Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Ауғанстан Ислам Республикасы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ханиф Атмармен кездесті.

Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікті, лаңкестік және діни экстремизммен күресудегі ынтымақтастықты қамтамасыз ету аясында екі елдің серіктестігін нығайту мәселелері қаралды. Тараптар сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберінде екі елдің өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

Қауіпсіздік аясындағы ынтымақтастық тетіктерінің бірі екі мемлекеттің қорғаныс ведомстволарының тиісті салалық бөлімшелері арасында қауіпсіздік аясындағы аухал бойынша ақпарат немесе пікір алмасу болып табылатынын айта кету қажет. Сонымен қатар, кездесуде білім беру мәселелері қозғалды.

 Аталған бағыт бойынша қазақстандық тарап ҚР ҚК оқу-жаттығу орталықтарының базасында Ауғанстан Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің кіші әскери мамандарын, оның ішінде, броньды техника жүргізушілерін, артиллерияшыларды, авиациялық мамандарды дайындауды ұйымдастыруды ұсынды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"