Астанада «Отан қорғаушылар» монументіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті

9 мамырда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай «Отан қорғаушылар» монументіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті.

Шараға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов, соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік орган басшылары, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандықтарды еске алу үшін жиналған елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты. «Бүгін мерекелік шараға Ұлы отан соғысының 45 қатысушысы құрметті қонақ ретінде қатысты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан ардагерлердің көңіл-күйі көтеріңкі. Өкінішке орай, жылдан-жылға олардың саны азайып барады. Ардагер аталарымызға денсаулық тілеймін. Балалары мен немере, шөберелерінің ортасында аман-есен жүрсе екен деймін» - деп атап өтті Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Пернебеков. Бұл күні «Отан қорғаушылар» ескерткішіне 1 500-ге жуық гүл шоқтары қойылды. Гүл қою рәсімі ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің орындауындағы музыкалық шығармалармен сүйемелденді. Шара қатысушыларының жүзінен қуаныш пен толқыныс, ерекше мақтаныш сезімі байқалып тұрды. Қан майданда ерлікпен қаза болған отандастарымыздың рухына тағзым жасалып, бір минут үнсіздік жарияланды

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"