ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Астанада ұшулар қауіпсіздігі жөнінде конференция өтті

Астанада ұшулар қауіпсіздігі жөнінде конференция өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Астанада Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиацияларының ұшулар қауіпсіздігі жөнінде конференция өтті.

Аталған конференция жұмысына Қарулы Күштерге қарайтын Әуе қорғанысы күштерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық гвардияның басшылық құрамы, авиациялық бөлімдер мен базалардың басшылығы, сондай-ақ «Қазақстан Инжиниринг ҰК» АҚ, «Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС және «№ 405 авиациялық жөндеу зауыты» АҚ отандық кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Талқыланған тақырып төңірегі адам өмірі мен оның авиациялық жүйенің қызметіне әсері жөнінде болды. Қатысушылар ұшулар қауіпсіздігі ауқымындағы, сондай-ақ авиациялық қызметте жоғары сенімділікке қол жеткізу жолдарындағықиын проблемалық мәселелерді барынша қарап, талқылады. Конференцияның нәтижелері бойынша бірнеше бағдарламалық шешімдер қабылданып, ұшулар қауіпсіздігі ахуалын жақсарту жөнінде ұсыныстар пысықталды. Осы орайда, 2017-2018 жылдар аралығында елімізде мемлекеттік авиацияда орын алатын апаттарды төмендетуге және авиациялық жүйенің баянды қызмет етуін арттыруғабағытталған кешенді іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах