«Астана» өңірлік қолбасшылығында үздік штаб бастығы белгіленді

Бүгінде әскер өзінің іскерлігімен, шебер ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсіп жүрген азамат жайында сөз қозғағанды жөн көріп отырмыз. Ол  – капитан Марат Сариев.

Орта мектепті үздік тәмамдаған ол Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері әскери институтында жоғары білім алған. Бұдан кейінгі кезеңде өз өмірін әскермен байланыстырып келеді. Нақтырақ айтқанда, 2008 – 2015 жылдары аралығында «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінде рота командирі болып қызмет жасады. Бүгінде 1 мотоатқыштар батальонының штаб бастығы Марат Сариев өткен оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік штаб бастығы» атанып отыр. Ол жыл ішінде өткізілген оқу-жаттығу сынақтарында өзінің жеке құрамын шебер даярлап, жоғары нәтиже көрсете білді. Әсіресе, тактикалық жаттығу кезінде тапқырлығы таңғаларлықтай. Мәселен, сондай жаттығудың бірінде оының жеке құрамы лаңкестік топқа тойтарыс беру керек болған. Сол кезде Марат ұтымды айла-тәсілдерге көшіп, қарсыласты қапыда жеңді. Содай-ақ, берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындады. Бұл жағдайды бүгінгі таңға дейін біздегі басшылық мақтанышпен айтып отырады.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ 


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"