"Астана" өңірлік қолбасшылығында оқу-әдістемелік жиын өтті

"Астана" өңірлік қолбасшылығында оқу-әдістемелік жиын өтті

Жиынға өңірлік қолбасшылық әскери бөлімдерінің командирлері мен олардың орынбасралары, сондай-ақ взвод, рота және батальон буынындағы офицерлер мен сержанттар қатысты.

 Жиынның негізгі мақсаты жауынгерлік даярлықтың басымдық бағыттарын, сондай-ақ қолбасшылықтың айрықша назар аударуын қажет ететін мәселелерді нақтылау болып табылады. Сонымен қатар, жиын барысында батальонды моральдық-психологиялық, материалдық – техникалық қамтамасыз ету мәселелері зерделенді. Жиын қатысушыларына арнап арнайы оқу орындары өрістетілді. Онда офицерлер батальондардың полигонға шығуын жоспарлау және дайындау, батальон құрамына кіретін бөлімшелермен сабақтар ұйымдастыру, взводтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізу мәселелерін пысықтады. "Қолбасшылықтың алдында қарулы күрестің үлгілері мен әдістерінің өзгеруін ескере отырып, қауіпсіздіктің заманауи қауіп-қатері мәнмәтінінде әскерлерді оқытып-үйрету тапсырмасы тұр», - деп «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыстай отырып, қысқы оқыту кезеңі бойынша қорытынды шығарылды.
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП