ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

«Астана» өңірлік қолбасшылығы балаларды мерекемен құттықтады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы балаларды мерекемен құттықтады

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Аталған мерекелік іс-шаралардың тыңғылықты атқарылуын бөлім командирі өзінің бақылауына алған болатын. «Бірлік бар жерде, тірлік бар!» - демекші алғын бүлдіршіндердің мереке күнін атап өтуге әскери қызметшілермен бірге олардың отбасы мүшелері де бір кісідей ат салысты.

  Мереке күні саптық алаңда Приозерск гарнизоны әскер бөлімдерінің әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелері сапқа тұрғызылып бой түзеді. Саптық алаңға жиналғандарды Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі, подполковник Ж.К. Жакупов құттықтады.

    Музыкалық әуен үнімен басталған мерекелік спорттық жарыс түрлері мен балалар ойынына гарнизондық әскери бөлімдерінің барлық құрамалары тартылды. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінен құралған командалар «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайысына қатысып, өздерінің бақтарын сынады. Бөлімнің басшылығы, жауынгерлік даярлық бөлімі, тәрбие бөлімінің офицерлері, әйелдер кеңесі және бөлім сержантының ұйымдастыруымен өткізілген балалардың түрлі ойындарына әскери қызметшілердің балалары қатысып, алдыңғы қатардан көрінген жүлделі орын иегерлері бөлім басшылығы атынан марапатқа ие болды. Аталған іс-шараға Приозерск гарнизонының барлық әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен отбасы мүшелерінен барлығы 542 бала қатысты, оның ішіндегі 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен отбасы мүшелерінен 220 бала асқан белсенділік танытты.

    Бөлім командирі подполковник Ж.К. Жакупов бастаған топ 06708 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген көп балалы отбасыларын аралап, лауазымды тұлға олардың тұрмыстық жағдайын өз көзімен көріп қайтты. Әскери қызметшілердің балаларын мереке күнімен құттықтап, басшы подполковник Жаслан Кайыргелдиұлы балғын бүлдіршіндерге тәтті тағам түрлерін табыс етті. Айтулы іс-шарада тәрбие бөлімінің офицерлері, бөлімнің әйелдер кеңесі және бөлім сержанты белсенді түрде ат салысқанын атаған жөн.

    Сондай-ақ, 06708 әскери бөлімінің жеке құрамы Приозерск қаласының орталығында өткізілген мерекелік іс-шараға да белсене ат салысты. «Приозерск қаласының № 1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ спорттық алаңында ұйымдастырылып өткізілген мерекелік шеруге қатысқан бөлімнің бірқатар әскери қызметшілері көпшілік алғысына бөленіп қайтты. Жас өнерпаздардың шеруінің ашылуына қатысқан қала әкімі Қ.А. Камзин қалалық білім бөлімінің басшысы Г.К. Қасымова және Приозерск гарнизонының бастығы подполковник Ж.К. Жакупов құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік шеруге бөлімнің әскери қызметшілері мен отбасы мүшелерінің талантты жас өнерпаздары да қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әскери қызметшілер мерекелік шерудегі ұйымдастырылған музыкалық флэшмобқа қатысып, қалың көпшілік алдында аспанға түрлі түсті шарлар ұшырылды.

Жас өнерпаздардың мерекелік шеруінен кейін қалалық орталық алаңда мерекелік концерт пен түрлі балалар ойыны ұйымдастырылып өткізілді.       06708 әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерін барлық бөлімше командирлері құттықтап, осы орталық алаңда естелік фотоға түсті.

Айтулы мереке күнінің жүзеге асуына 

    1 маусым – Халықаралық балалды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысқан барлық әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне бөлім командирі подполковник Ж.К. Жакупов өзінің шексіз алғысын білдірді. Сонымен қатар, олардың қызметтеріне табыс, отбасыларына береке-бірлік пен амандық-саулық тіледі.

 

                                                                                                                                                                                               Тілек Алшымбекұлы

                                                                                                                                                                                       06708 әскери бөлімі


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: полная картина военного парада 2017 в Астане

Инфографика: полная картина военного парада 2017 в Астане