«Аспан жолы – 2016» халықаралық байқауы шілде айында өтеді

ҚР Қарулы Күштері әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері Ресей Федерациясында Армия халықаралық ойындары шеңберінде өтетін «Аспан жолы – 2016» байқауына дайындықты аяқтауда.

«Сабақтар қауіпсіздік шаралары, арнайы техникалық даярлық және зымыран-оқ ату даярлығы бойынша жоспарға сәйкес өткізілуде. Нәтижелері бойынша зениттік-зымыран бөлімшелерінің үздік командалары анықталды», - деді «Аспан жолы – 2016» байқауы комиссиясының төрағасы полковник Темірболат Көшербаев. Дайындық барысында әскери қызметшілер қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік әзірлігін, механик-жүргізушілердің ұрыс машиналарын жүргізуін көрсетті. Соңында әскери қызметшілер арнайы техникалық зымыран және атыс даярлығы бойынша сынақтар тапсырып, сондай-ақ жеке құрамның білімі комиссиямен тексерілді.   «Қазір бізде «Аспан жолы – 2016» халықаралық байқауына іріктеу өтуде. Әр сабақ сайын біз жауынгерлік даярлығымызды арттырамыз және өзіміздің дене сымбаттылығымызды жақсы қалыпта ұстаймыз. Біз осы халықаралық додада бірінші орынды жеңіп алуға үміттіміз», - деді 97617 әскери бөлімінің әскери қызметшісі лейтенант Данияр Есмұхан. «Аспан жолы – 2016» әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімдерінің  арасындағы далалық дағды бойынша халықаралық байқау ағымдағы жылдың шілде айында Ресей Федерациясының Ашулук полигонында өткізілетінін естеріңізге сала кетейік. Байқауға Қазақстан Республикасы, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы және өзге де мемлекеттер Қарулы Күштерінің командалары қатысатын болады. Одан басқа, 15 сәуірде ҚР Қарулы Күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері өзінің құрылған күнін атап өтетінін айта кетейік.  Бұл әуе шекараларын күзететін және Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік, саяси және экономикалық орталықтарын қорғайтын маңызды әскер тектерінің бірі болып табылады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"