Ашық есік күні үйымдастырылды

Ашық есік күні үйымдастырылды

Жақында  армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 20 жылдық мерекесіне орай Астана қаласының №29 мектебіндегі кадет сыныптарының оқушыларына ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс шара барысында оқушыларға мектептің 10 сынып тәрбиеленушілері Аяз Ақмолдаев бен Айдар Дамир мектептің ашылу тарихынан бастап, №1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетовтің өмірі жайында айтып берді. Сонымен бірге биыл мектепке 20 жыл, ал батыр Сағадат атамыздың туғанына 95 жыл толатынын, сондықтан мектептегі іс-шаралардың барлығы осы аталған мерейтойлар құрметіне арналатынын да ескертіп өтті. Әрі қарай мектептің спорт зал, кітапхана, жатақхана, оқу сыныптарын және басқа да орындарымен таныстырып, соңында акт залында мектепке қабылдау қағидасы жөнінде және мектеп тарихы туралы видеоролик көрсетілді. Одан соң оқушылармен сұхбат жүргізіліп, балалардың пікірлері тыңдалды. Оқушылар мектеп тәрбиеленушілерімен естелік суретке түсіп, алғыстарын білдіріп тарасты.

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи