Ашық есік күні

Еліміз Қарулы Күштерінің имиджін барынша ақпараттандыру, әскери мамандықты көпшілікке танымал ету және Отанымыздың жаңа патриоттарын тәрбиелеу мақсатында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 54770 әскери бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды.

Әскери бөлімге Семей қаласындағы 37-ші гимназияның «Намыс» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері келді. Олар инженерлік техниканы, мерзімді қызмет жауынгерлері мен гимназия оқушылары арасындағы әскерилендірілген эстафетаны тамашалады. Пневматикалық қарудан оқ атудан, жалпыәскери қорғаныс жиынтығын киюден, АК-74 қаруын бұзып, тез арада жинаудан жарысты. Оқушыларға миналардың, оқ-дәрілердің және сапер костюмінің үлгілері де көрсетілді. Іс-шараның жалпы қорытындысы бойынша мерзімді қызмет сарбаздары мен «Жас саперші» әскери-патриоттық үйірмесіне қатысушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.

Алуа ИСКАКОВА
Суреттерді түсірген автор

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"